Таңғы жаттығу ережелері [сұрақ жабық]

Таңертең ұйқыдан оянған соң адам ағзасының жұмыс істеу қабілетінің жақсаруына ықпал еткені жөн.Себебі ұйқы кезінде орталық жүйке жүйесі тынығады. Бұл кезде əлбетте жүрек соғысы азайып, тыныс алудың баяулайтыны анық. Ал ұйқыдан оянған соң адам ағзасындағы түрлі органдардың қызмет белсенділігі артады. Тек ол процесс ұзаққа созылып кетсе жүйке жүйесіне салмақ түседі. Нəтижесінде адам ұйқылы ояу жүреді немесе өте ашушаң келеді. Оның алдын алу үшін таңертеңгілік жаттығуларды тұрақты түрде жасауды əдетке айналдырған жөн. Əрине оның да өзіндік ережелері бар екенін ұмытпаңыз. 

1 - ереже. Жаттығуды аяқтан бастаңыз. Ол үшін жаяу ырғақпен жүріңіз. Кейін шапшаңдатыңыз.

2 - ереже. Екі аяғыңызды иық деңгейіндей қашықтықта ұстап, екі қолыңызды желкеге қойыңыз. Оңға солға қарай кеудені бұрыңыз. Бұл сəтте терең тыныс алып, демді шығарыңыз. 10 рет.

3 - ереже. Екі аяғыңызды иық деңгейіндей қашықтықта ұстап, екі қолыңызбен беліңізді таяныңыз. Бұл кезде мойынға жаттығу жасайсыз. Яғни оңға, солға, алға, артқа қарай айналдырыңыз. Есіңізде болсын, жаттығудың бұл түрін баяу, əр бағытқа бес реттен қайталаңыз.

4 - ереже. Қолды иыққа қойып, иық бұлшық етін жоғары-төмен бағытқа қарай айналдыра қозғайсыз. Жаттығуды 10 рет қайталаңыз.

5 - ереже. Екі қолыңызды алға созып, бірінің үстіне бірін қойған күйде ұстап қайшы сияқты қалыпта 15 рет қайталаңыз.

6 - ереже. Қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру. Кейін алға түзу ұстап, оң қолыңызды жоғары, сл қолыңызды төмен созыңыз. Бағытты ауыстырып он рет қайталаңыз.

7 - ереже. Екі қолыңызды беліңізге таянып, оңға жəне солға қарай иіліңіз. 7 реттен. Мұнан соң алға еңкейіп, қолды еденге тигізіңіз. 

8 - ереже. Екі қолыңызды беліңізге таянып, белді айналдырыңыз. Алдымен сағат бағытымен, кейін қарсы бағытқа қарай 10 рет. 

9 - ереже. Егер мүмкіндігіңіз болса, тізені бүкпей алға еңкейіп, маңдайыңызды тізеге тигізуге тырысыңыз. Кейін бастапқы қалыпқа түсіңіз. Жаттығудың бұл түрі бел омырқасының қан айналым жұмысын жақсартады. 

10 - ереже. Аяқтарыңызды сəл алшақтау ұстап, екі қолыңызды тізеге қойып, тізені оңға қарай айналдырыңыз. Кейін бағытты ауыстырыңыз. Бұл аяқтағы буын ауруының алдын алуға септігін тигізеді. Жаттығуды əр бағытқа 10 рет қайталаңыз. 

11 - ереже. Еденге етпетіңізбен жатыңыз. Екі қолыңызды желкеге қойып, кеудені көтеруге тырысыңыз. Мүмкіндігінше жаттығу санын арттырыңыз. Тек алғашқы күндері денеге өатты күш салмағаныңыз абзал.

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
Салауатты өмір салты 27.03.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,090 қолданушы