Тырнағыңыздың саулығын ойласаңыз. [сұрақ жабық]

Қай жерден қандай пайдалы кеңес немесе ой саларлық оқиғалар оқысам Сұрақ жауаптағы блогқа жазу керек екен деп ойлап тұрамын. Жақында үйге барғанда Алтын босаға, Əйел бақыты, Əйел құпиясы, Ауырмаңыз деген газеттерге көзім түсті. Ішінде кеңестер көп екен. Соларды сіздермен бөлісемін. Пайдасы тиер деген ойдамын.

Қыз келіншектердің көпшілігі қол терісіне күтім жасағанымен, тырнаққа көңіл бөле бермейтіні анық. Алайда тырнақтың саулығы - қолдың саулығы, тырнақ тазалығы мен əдемілігі - қолыңыздың көркі мен əсте есте ұстаңыз.

Мен тырнаққа жəне қол терісіне арналған мынадай емдік ванналарды қолданамын. Емдік əсері керемет емдік ванналардың бірі мынадай: 1 стақан ыстық суға 1 ас қасық теңіз тұзын ( морская соль) қосып араластырыңыз. Күніне екі мезгіл осындай су қоспасына қолдарыңызды салып, жарты сағат отыру қажет. Соңынан зəйтүн майының 1 шай қасық мөлшерін жылытып, қол терісі мен тырнақтарыңызға сіңіре жағыңыз. Емдеу мерзімі 2-3 апта. Келесі емжік кеңестің де тырнақ саулығын арттыруда пайдасы зор. 1 ас қасық кəдімгі өсімдік майына лимонның 6-8 тамшысын қосып жылытып, тырнақ айналасы терісіне жəне қолға жағып, 15 минут уақыттай массаждаңыз. Қарапайым болғанымен, ұдайы қолдану арқылы тырнағыңыздың ауруларын емдеуде жəрдемі тəнті етерлік. Лимон сөлін бірдей мөлшердегі сумен араластырып, оған саусақтарыңызды күніне 10 минут батырып отырудың да емдік пайдасы бар. Бұны тырнақ сына бергенде қолдану қажет. (Алтын босаға)

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
Пайдалы кеңестер 26.03.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,092 қолданушы