Мен әр Қазаққа қарыздармын.

Мен әр Қазаққа қарыздармын.

Себебі, Қазақстанымның қай жеріне барсам да  өз елім  өз жерім деп  алаңсыз,  еркін жүремін.  Ал сол мен емін-еркін жүрген жерлер- ертедегі сол жердегі Қазақтардың ата-бабалары жанын салып қорғап қалған жерлер !!!  Сол кісілер қорғап қалмағанда бүйтіп еркін жүрмес едім сол жерлерде!!! Басқа елдің жері болар еді.  Қазіргі Қазақстанның әр жеріндегі Қазақтар- сол жерлерді қорғап қалған кісілердің ұрпақтары!  Сол үшін мен өзімді Қазақстанымның әр жеріндегі  әр Қазаққа қарыздармын деп есептеймін. Әр Қазақ осылай ойлау керек!!!

Өйткені бұл кең-байтақ жер- басқа емес тек Біздің ғана ортақ Отанымыз, меншігіміз!!!  Бұл жерлер сол бабаларымыз барын салып қорғап,бізге  қалдырған  АМАНАТ !!!  Бұл жерді қорғау - біздерге Парыз!!! Біз бір-бірімізге бауырмыз, туысқанбыз!
Әр Қазақ бір- бірімізге  қолымыздан келгенінше көмектесуіміз керек!
 
"Қазақтың жауы-Қазақ" деген сөз дұшпандарымыздың мына сөзімізді өзгерткені және осы сөз әрдайым есімізде болсын!:
 
"Қазақтың жанашыры- Қазақ ғана!!! "
Мен ҚАЗАҚПЫН! 26.03.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,092 қолданушы