Қызықты деректер 26.03.2015 жариялады

Құмырсқа қышқылы,метан қышқылы

Құмырсқа қышқылы немесе метан қышқылы — химиялық синтезде аралық өнім болып табылатын, құмырсқа денесінен қауіп төнген жағдайда бөлінетін қарапайым карбон қышқылы. Осылайша, басқа құмырсқа илеуінің «тұрғындарына» қауіптен қорғану үшін белгі беріледі. Ауруды басатын, қабынуға қарсы, сергіткіш қасиетке ие бұл қышқыл қылқан және қалақай шырынының құрамында кездеседі. Шіру және ыдырау процесін тежей алатын қасиетіне орай оны мал азығын дайындауда сүрлегіш және антибактериалды агент ретінде қолданады.

https://www.facebook.com/gylym

117,827 сұрақ
303,615 жауап
153,363 пікір
65,478 қолданушы