Компьютерлер туралы 26.03.2015 жариялады

ракеталық үдеткіш,ракета,американдық ғарыш агенттігі,NASA

NASA американдық ғарыш агенттігі қазіргі таңдағы әлемдегі ең қуатты тасығыш зымыран-үдеткішті жер бетінде сынақтан сәтті өткізді. Orbital ATK аэроғарыш компаниясымен құрастырылған тасығыш-зымыран NASA Space Launch System (SLS) ракетасында, Orion капсуласы мен басқа да қажетті жүктерді тасымалдау, ғарышты тереңірек зерттеу үшін жасалған. Сынақ 2 минут бойы жүргізілді, бұл уақыт SLS-ты бастапқы позициясынан көтеру үшін қажет. Сынақ барысында үдеткіштің ішкі температурасы 5600С-қа дейін жетіп, секундына 5,5 млн тонна ғарыш жанармайы жағылды. Бұл үдеткішті жоғары температурада тексеруге арналған екі сынақтың біріншісі болды. Ғарыш жанармайының төменгі шеті болып табылатын Фаренгейт бойынша 40 градусты құрайтын суық температуралы гидравликалық сынақ 2016 жылға жоспарланып отыр.

https://www.facebook.com/gylym/

1 пікір

"5,5 млн тонна ғарыш жанармайы  жағылды" .. жесть...
117,265 сұрақ
299,799 жауап
153,153 пікір
63,872 қолданушы