Компьютерлер туралы 26.03.2015 жариялады

Қолданбалы лингвистика,компьютерлік лингвистика

Қолданбалы лингвистиканың бір саласы болып табылатын компьютерлік лингвистика бір жағынан тілді, екінші жағынан компьютерде тілдермен қалай жұмыс істеу керектігін зерттейтін ғылым. Ол ХХ ғасырдың 60-жылдарында пайда болды да, адамдардың техникаға деген көзқарастарын түгелдей өзгертті: программистер машинадан үлкен мүмкіндіктер күтті. Ең алдымен, автоматты аудармашы жасау мақсат болатын, алайда кейіннен бұның қиын әрі сол кезде дамып келе жатқан жасанды интеллектіні қамтитын күрделі жұмыс екенін ұқты.

Компьютерлік лингвистика программистер мен лингвистердің бірігіп жұмыс жасауын қажет етеді. Сөздердің септелу, жіктелу, тәуелдеуіне қарай топтастырылуы, көп мағыналы және омоним сөздердің болуы, сөйлем мүшелерінің байланысуы – барлығын лингвист ереже ретінде үлгісін көрсетеді де, программист сол мысалдар бойынша қағидаларды алгоритмдеп синтаксистік құрылым қалыптастырады. Бағдарланған сөйлем үлгілері қалыптасқан компьютер келесіде сөздерді енгізілген заңдылықтарға сәйкес талдауға, топтастыруға қабілетті болады.

Екі ғана сатыдан тұратын оңай жұмыс болып көрінгенімен, процесс барысында туындайтын қиындықтар көп. Солардың бірі – омонимдер. Мысалы, «Арман гүлдеп тұрған алма бағын түгелдей аралады». Осы жерде «аралады» сөзі – «кесті» мағынасында ма, әлде «көріп шықты» ма? Осы секілді сөйлемдер, яки сөздер көп кедергі келтіреді, алайда бұл операцияларды сәтті орындаған жағдайда үлкен мүмкіндіктерге қол жеткіземіз.

https://www.facebook.com/gylym/

117,050 сұрақ
298,365 жауап
153,118 пікір
63,354 қолданушы