Химия пәнін таңдағандар үшін [сұрақ жабық]

химия мамандық

Сұрақ-жауап сайтынан санат бойынша "химия" деп іздеп сұрақтарды бір шолып шықтым. Нəтижесінде "Химия пəнін таңдағандар үшін қандай мамандықтар бар?" деген сұрақты көп кездестірдім. Сіздерді мамандықтармен бір таныстырып шығуды дұрыс деп таптым. Жалпы химия пəні бойынша 10 түрлі мамандықта жұмыс істей аласыз. 

5В011200 – Химия

Бұл мамандықты тәмәмдаған түлектерге «Химия» мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы - білім беру саласы болып табылады.

Түлектер оқу-тәрбие орындарында, жалпы орта білім беру, кәсіби-техникалық білім беру, арнайы орта білім беру, сонымен қатар мектептен тыс және білім беру мен тәрбиелеу ұйымдарында химия пәнінің оқытушысы, лаборант инженер, кіші ғылыми қызметкер, әкімшілік қызметкері, оқу және оқу-тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасары, үйірме жетекшісі және т.б. болып қызмет жасай алады.

5В060600 – Химия

Бұл мамандықты тәмәмдаған түлектерге «Химия» мамандығы бойынша «жаратылыстану бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы химиялық, металлургиялық, мұнай-химиялық, фармацевтік өнеркәсіптер және білім беру, ғылым мен экология салалары табылады.

Студенттерді экономика мен өнеркәсіптің химиялық салаларында өндірістік және технологиялық үрдістерді жүзеге асыруға; ғылыми зерттеулерді, бағдарламаларды ұйымдастыру және жоспарлауға; өндірістік, ғылыми және оқытушылық ұжымға, зертханаға жетекшілік етуге дайындайды.

Түлектер аналитикалық, экологиялық, кедедік, санитарлы-эпидемиологиялық, сертификациялық қызметтердің өндірістік зертханаларында, химиялық, мұнай-химиялық, экологиялық, металлургиялық фармацевтік профильдегі ғылыми-зерттеу мекемелерінде (институттар, зертханалар), жалпы білімдік мекемелер мен білім беру бөлімдерінде жұмыс істей алады.

5В072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Бұл мамандықты тәмәмдаған түлектерге «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша «техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы болып табылады: минералды шикізатты мақсатты өнімге химиялық өңдеу үрдістерін басқару; технологиялық үрдісті сараптауды іске асыру; бастапқы материал мен алынатын өнімнің қасиеттерін, құрылымын, құрамын сараптау; химиялық реакторлармен, аппараттармен жұмыс істеу.

Түлектер кен байыту комбинаттарында; минералды шикізатты өңдеу кәсіпорындарында; бейорганикалық қышқылдарды, негіздерді, тұздар мен минералды тыңайтқыштарды өндіру кәсіпорындарында; металлургиялық өнеркәсіп комбинаттарында; құрылыс, керамика, композициялық материалдарды өндіру зауыттарында; электрохимиялық өндіріс, плазмохимиялық үрдістер кәсіпорындарында, нанотехнология бойынша жұмыс жасайтын зауыттарда; зауыт, цех және ғылыми-зерттеу зертханаларында қызмет ете алады.

Технолог, инженер, химик-технолог, инженер-технолог, маман лауазымдарын атқара алады.

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Бұл мамандықты тәмәмдаған түлектерге «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша «техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы болып мұнай өңдеу, мұнай химиясы, полимерлерді өңдеу, геология, гидрогеология, тау-кен өнеркәсібі, ғылым және білім беру салалары табылады.

Түлектер органикалық заттарды өндіру, мұнай, газ, көмір және полимерлерді, эластомерлерді, лак-бояу материалдарын, оқ-дәрі дәрмек, қатты және сұйық ракета отындарын өңдеу кәсіпорындарында; көмірсутекті шикізаттарды алу, дайындау мен тасымалдау және оларды тиімді пайдалану кәсіпорындарында; ғылыми-зерттеу жобалау салалық институттарында; қорғаныс мекемелерінде жұмыс істей алады. Ғылыми-зерттеу институттарының, конструкторлық және жобалау мекемелерінде бірінші дәрежелі техник, кіші ғылыми қызметкер, инженер-лаборант, инженер лауазымдарын атқара алады.

5В074800 – Фармацевтік өндірістің технологиясы

Бұл мамандықты тәмәмдаған түлектерге «Фармацевтік өндірістің технологиясы» мамандығы бойынша «техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Білім алу үрдісінде студенттер дәрілік заттарды алу технологиясын, дәрілік заттың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде сапамен қамтамасыздандырудың мемлекеттік жүйе негіздерін, дәрілік заттардың аумағында бағаның белгіленуін, фармациядағы жаңа ақпараттық технологияларды жасауды меңгереді. Мамандық түлектері дәрілік заттардың алыну технологиясының теориялық негіздерін, дайын дәрілік үлгілердің дизайнын, дайын дәрілік үлгілердің және субстанцияны алу технологиясын жасаумен айналысады.

Түлектер химиялық-фармацевтік кәсіпорындарында, медициналық препараттарды және медициналық мақсатта тағайындалған бұйымдарды өндіру кәсіпорындарында, биотехнологиялық және парфюмерлік-косметикалық өндірістерде, техникалық бақылау бөлімдерінде, орталық-зауыттық зертханаларда, дәрілік затттардың сапасын бақылау және стандарттау зертханаларында, стандарттауды, сертификациялауды және лицензиялауды басқару ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында қызмет жасай алады.

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
Негізі мамандық 26.03.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы