Ғалымдар безеудің неден пайда болатынын анықтады

Бәріне кінәлі тері майымен қоректенетін демодекс кенесінің бактериялары екен. Бұл туралы «Алаш айнасы» газеті жазады.

Мамандар қызғылт безеудің, негізінен, терісінде демодекс кенешіктері көп кездесетін адамдардың ауруы екеніне көз жеткізді. Зерттеу тобының жетекшісі Кевин Кванагхтың айтуынша, мұндай ұсақ жәндіктер қоректі қорыта алмай, оларды үнемі тасымал­даумен болады да, соның салдарынан Bacillus oleronius бактериясын туғызады.

Осы микроағзаның әсерінен көбіне бет, маңдай, мұрын терісінің асты қабынады. Адамдар безеуге қарсы қанша антибиотик қолданғанымен, одан құтылу оңай емес. Мұның себебі антибиотиктер бак­­терияларды өлтіргенімен, демодекс кенесінің өзін жоя алмайды. Енді жаңа зерттеудің нәтижесінде фармацевтикалық компаниялар сол зиянкестерге қарсы дәрі-дәрмек шығаруды ұйғарып отыр.
Қызықты деректер 26.03.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы