Слухы немесе есту қабілеті жоқ деген сөз, яғни, өлең айтқанда басқа ырғақта, басқа әуенде айту. Көбінесе музыкадан хабары жоқ адамның есту қабілеті болмайды. Слухы жоқ адамның ән айтқанын естігенде, әннің сәнін кетіріп отыр деп түсінемін өз басым.
Слухты жақсарту үшін вокалдық сабақтар алу керек. Әндерді көп тыңдап, сол әндермен бірге жаттығуға да болады.
Слухыңыздың бар немесе жоқ екенін тексеру үшін дұрыс ести алу қасиеті болуы керек. Оны тексеру үшін: жаныңыздағы адам шапалақтап, бірнеше әуенді салсын делік. Ал сіз бірден сол әуенді шапалақтау арқылы қайталауыңыз керек. Егер дұрыс қайталасаңыз - есту қабілетіңіз жақсы. Ал егер қателессеңіз - есту қабілетіңіз онша емес деген сөз...