0 дауыс
9.6k көрілді

1 жауап

+1 дауыс
Қазақ революциялық комитетінің құрылуы (1919–1920 жж.)
1919 жылы 10 шілдеде В. И. Ленин «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады.
Қазревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Революциялық комитеттің бірінші құрамына С. Пестковский (төраға), А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жанкелдин, М. Тұнғаншин, С. Мендешев, Б. Қаратаев кірді. Әртүрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә. Әйтиев, С. Арғын­шиев, А. Авдеев, Ғ. Әлібеков, Б. Қаралдин еңбек етті. Революциялық комитеттің жұмыс істейтін орталығы болып Орынбор қаласы белгіленді. 1920 жылы 9 наурызда Қаз­ревком «Алашорда» үкіметін таратты. Қазревкомның үнқағазы «Ұшқын» газеті болды.
Қазревком 1919 жылдың шілдесінен 1920 жылдың қазан айына дейін 15 ай жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде оның басшылығымен халық шаруашылығындағы басты сала – отын өндіру бағытында Орал-Ембі мұнай кәсіпшілігі, Қарағанды мен Екібастұздың шахталарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
...