0 дауыс
10.4k көрілді
Тұрсын ханның бүлігі қалай аталды?

Қазақ хандары арасында билікке құмартып, әділдіктің ала жібін аттап, тақты дәстүрлі жолмен емес, күшпен тартып алғандар да аз да болса кездесті. Солардың бірі  атақты Қасым ханның баласы  Жәлім сұлтанның үшінші  ұлы Тұрсын-Мұхаммед хан еді.  Жәлім сұлтан тарихта Ақназар ханға адал берілген тарихи тұлға ретінде белгілі. Ол кезінде Ақназар ханның ноғайлармен арадағы жанжалдарына да қатысты. 1569  жылы Жәлім сұлтан Ақназармен және Шығай сұлтанмен бірге   өздерінің туыстары болып саналатын 20 сұлтанның жасақтарын бастап, Ноғай ордасына басып кіріп, оны ойрандады. Бұдан соң да Жәлім сұлтан Ақназар ханның қасынан бір елі қалған жоқ.

3 жауап

+2 дауыс
*"Қатаған қырғыны"деп аталады..)*
0 дауыс
Тұрсын ханның бүлігі тарихта-"Қатаған қырғыны" деп аталады
0 дауыс
Қатаған қырғыны
...