Табылды Досымов - 1965 жылы 15 шілдеде Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор поселкесінде туған. 1982 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. 1983—1985 жылдар аралығында Германияда әскери борышын өтеген.
1990 жылы арнайы жолдамамен Атырау телерадиокомитетіне келіп, жаңа облыстық телевизияның қүрылуына атсалысқан. 1992 жылы облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы мемлекеттік филормонияда шығармашылық жүмыстармен айналысқан. «Желтоқсанның жебесі» атты жас талаптар тобының жетекшісі, 1993 жылы Индер аудандық тіл басқармасының бастығы, 1995 жылы облыстық дәрежедегі Махамбет қорының директоры қызметін атқарған. 2000 жылдан бері аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы.
«Жанарымның жарқылы» (2000), «Үнатамын мен сені» (2002) жыр жинақтарының авторы.
Республикалық «Үкілі үміт» байқауының дипломанты, облыстық Жастар сыйлығының лауреаты (2000), Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2003).
*Шығармалары
Жанарымның жарқылы. Өлеңдер. А, «Зерде», 2000;
Ұнатамын мен сені. А., «Өлке», 2001;
Ұнатамын мен сені. Әндер жинағы. А., «Үш қиян», 2002;
Жайықтың толқындары. Ән мәтін дәрі. А., «Өлке», 2004;
Табылдың әні. Авторлық әндер мәтіндері. «Ақтөбе», 2007.*[1]