Назира сұрап жатқаны басқа нәрсе менше.Сосын Aishat айтқандай таздану да емес. Қарапайым күнделікті жәйттердің әсерінен де болуы мүмкін. Шаш түсуі стресс кезінде көбейеді. Сосын режимсіз ұйқы, режимсіз тамақтану бәрі организмде ең бірінші шашқа әсер етеді.
шаштың жансыздануы бекер емес, адам денесінде бірдеме жетіспесе ол бірінші шаш пен тырнақтан көрінеді. Мүмкін ең қарапайым себептерден болуы мүмкін, Қазақстандағы екі қыздың біріндегі мәселе гемоглобин төмен, не болмаса кальций жетіспеуі мүмкін. Ондайда гемоглобин нормаға келтіріп, жұмыртқаның қабығын үгітіп жесең болады. Эндокриндік аурудың алғашқы симптомы болуы әбден мүмкін. Шаш түсуі қатты үдесе дәрігерге көріну керек.
Ал басқадай маска жасасаң болады. Грэйпфрут, зәйтүн майы, бал. Үшеуін бірдей мөлшерде алып, араластырып басқа жағып қой. Сосын басыңа целлофан пакет не арнайы шапканы киіп алып, сыртынан жылулап орамал орап ал да бір сағат ұста басыңда. Ол кезде үстіңе аямас футболка бірдеме киіп ал, себебі бастағы маска жылудан еріп ақырындап желкеден ағады. кейін шайып шампуньмен шайып жіберсең де болады. Егер оның алдында шашың таза болған болса жәй бір кондиционер жағып шайып жіберсең болады. Себебі зәйтүн майы, қайткенмен де май ғой. Осы масканы жағып алып ұйқтай берсең де болады, басыңды жылы ғып орап алып, бірақ жастық бұлғанып қалмасын байқау керек. Осы әдіспен алғашқы 2 апта бойы күн ара не болмаса 3 күнде бір жасап тұр.Сосын 2-3 аптадан кейін сиретсең болады. Аптасына бір ақ реттен.
Сосын касторовое масло, медициналық спирт пен лимон шырыннын тең мөлшерде араластырып, оны да шаштың түбіне жағып қойып, бұл да солай басқа целлован орап,сыртынан жылылып орамал орап, мұны да ұзақ ұстаған жақсы. Түні бойы ұстасаң мүлдем керемет. Тіпті түскен шаш та тоқтайды. Тек шайғаны біраз қиындау болады. Бұл масканы да басында жиірек кейін сиретсең болады.
Зәйтүн майын кішкене жылытып, өзін ғана жақсаң болады, балмен араластырып жақсаң да әсері жақсы. Тек зәйтүн майы extra virgin oil болсын міндетті түрде. Қай маскаға да экстра вирджин болуы шарт.