0 дауыс
604 көрілді
қазақстанның дүниежүзіндегі мал шаруашылығының орны тақырыпында реферат керек

1 жауап

+1 дауыс

2018 жылдың қорытындысы бойынша, мал шаруашылығының жылдық жалпы өнімі 13,2% өсіп, 2 трлн теңгеге жетті. 

Мал шаруашылығының ең қарқынды өсімі Алматы облысында байқалды. Облыстағы өсім алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,8% ұлғайып, 355,8 млрд теңгеге жетсе, екінші орындағы Шығыс Қазақстан облысында 11% өсіп, 291,8 млрд теңгені құрады. Ал Түркістан облысында мал шаруашылығының жалпы өнімі 255,7 млрд теңгені құраған. 

Одан кейін тиісінше Қарағанды облысы – 155,4 млрд теңге, Ақтөбе облысы – 148,1 млрд теңге, СҚО – 146,1 млрд теңге, Ақмола облысы – 136,8 млрд теңге, Жамбыл облысы – 120,2 млрд теңге, Қостанай облысы 117,7 млрд теңге және Павлодар облысы 116,2 млрд теңгенің өнімін шығарған. 

Өз кезегінде БҚО, Атырау облысы, Қызылорда мен Маңғыстау облыстары тиісінше 90,8 млрд теңге, 39,8 млрд теңге, 39,4 млрд теңге және 12,4 млрд теңгенің өнімін шығарған. 

Ал Шымкент, Алматы мен Астана қалалары  сәйкесінше 16,6 млрд теңге, 1,6 млрд теңге және 0,2 млрд теңгенің өнімін өндірген екен. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің 45-ы мал шаруашылығына тиесілі. 2017-2021 жылдарға арналған ауыл шаруашылық кешенін дамыту аясында салаға салынған қаражаттың 30%-ы, яғни 35,9 млрд теңге мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларға бағытталып отыр. Мал шаруашылығының ішінде ұзақмерзімді басты сектор – ет өндірісі деп танылуда. 

Айта кетейік, министрлік осы секторды дамыту үшін «ҚазАгро»-мен бірлесіп «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыруда. 2019 жылдың қаңтар айының ғана қорытындысы бойынша, бағдарлама аясында 1,2 мың бас ірі қара мен 3,2 қой-ешкі сатып алу үшін жалпы құны 1,3 млрд теңгеге 42 өтінім қанағаттандырылған. Өткен жылы жалпы құны 15,6 млрд теңгеге 679 өтінім қанағаттандырылған екен. Сол қаражатқа 23,8 мың асыл тұқымды ірі қара мен 75,4 мың ұсақ мал сатып алынған. 

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 70 млн теңгеге дейін кредит рәсімдеуге мүмкіндік бар. Кредиттеудің мерзімі – 15 жыл. Кредиттің жылдық өсімі субсидияны қосқанда 4 пайыз. 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын мал мен құс басы өсіп келе жатқаны байқалады. Мәселен, былтыр республика бойынша жылқы басы 9,5% өсіп 2,6 млн-ға, түйе 7,3% көбейіп 202,2 мыңға, ірі қара 5,8% ұлғайып 7,1 млн-ға жетсе, үй құсының саны 10,8% артып 44,5 млн-ға жетті. 

Соның ішінде ірі қара саны ел бойынша 9 облыста көбейіп, 5 облыста керісінше азайып кеткен екен. Ірі қара саны күрт артқан өңір – Түркістан облысы. Оңтүстіктегі сиыр саны былтыр 921,3 мыңнан 994,2 мыңға жетсе, екінші орында – Жамбыл облысындағы ірі қара саны 32,2 мыңға ұлғайып 396,2 мыңға жетті. Ал Қарағанды облысында сиыр саны 25,7 мыңға артып 533,8 мыңға жетіпті. 

Тағы бір айта кетерлігі, былтыр республика бойынша ешкі мен доңыз саны 0,1 және 2 пайызға азайған екен. 

Мал санының артуы еттің экспортына да оң әсерін тигізіп отыр. Былтыр ет экспорты 2,5 есеге дейін көбейіп, соның ішінде «қызыл» еттің сыртқа сатылымы 3,3 есеге, «ақ» еттің экспорты 45,1% көбейіпті. 

Мал шаруашылығының жалпы өндірілген өнімі негізінен Алматы облысы, ШҚО мен Түркістан облысына келеді деп жоғарыда атадық. Дегенмен, экспорт тұрғысынан көшбасшы өңірлер Түркістан, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстары екен. Ал сыртқа етті аз сататын өңірлер Атырау мен Қарағанды облысы және Астана қаласы көрінеді. 

2018 жылдың желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша, ірі қара етінің құны бір жылда 5,4% қымбаттап тоннасына 583,5 мың теңгеге, қой еті 11,2% қымбаттап 545,4 мың теңгеге және жылқы еті 12,4% қымбаттап 706,2 мың теңгеге, ал түйе еті 9,8% қымбаттап 618,3 мың теңгеге жетсе, үй құсының еті керісінше 20,7% арзандап 446,1 мың теңегеге және  доңыз еті 3% арзандап 536,9 мың теңгеге түсіп қалды.

Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/news/mal-sharuashylygynyn-ekonomikadagy-ulesi-artyp-keledi

...