0 дауыс
799 көрілді

1 жауап

0 дауыс
1. Шаштараздың қызметінен бас тартыңыз бірақ, шаштың ұштарын үш ай сайын реттеп отыруға болады. 2. Қолданатын тарағыңызды жиі ауыстырып тұрыңыз, тарақ табиғи материалдан жасалғаны дұрыс(мысалы ағаштан немесе пластмассадан) тек темір болмауы тиіс. 3. Күніне екі рет (жиірек) шаштың шатасып қалған тұстарын басыңызды еңкейтіп тарап тұрыңыз бұл бір жағынан бас терісінің қан айналымын жақсартатын массаж болады. 4. Шашыңызды тарағанда барынша мұқият болыңыз ешқандай асығыстық танытпаңыз. Шашты тарауды шаштың ұшынан бастаңыз шатасқан тұстарын тарақпен емес қолмен дұрыстаңыз. 5. Шашыңызды жуатын сусабынды(шампунь) дұрыс таңдаңыз шашыңызға нәр беретін маскаларды қолданыңыз. 6. Шашты жақсы қалыпқа келтіру үшін кәдімгі шикі жұмыртқаны қолдансаңызда болады. Жұмыртқаның ақ уызы майлы шашқа, ал сары уызы құрғақ және көп түсетін шашқа өте көп пайдасы бар. Сіздің шашыңызға жұмыртқаның қай бөлігі дұрыс келетініне сай стаканның 1/2 бөлігіне құйып таза жәнеде суланған шашқа жағып шығу керек. Содан соң 20 минут ұстап болған соң сусабынды(шампунь) пайдаланып бөлме температурасындағы сумен шашыңызды жуыңыз. Бұл тәсілді айына бір рет пайдаланыңыз. Егер сіз жұмыртқаның ақ уызын пайдаланатын болсаңыз, екі апта сайын қолдансаңыз болады.

7. Шашты аптасына екі рет жууға болады бірақ одан көп болмауы тиіс. Бас терісіне ыстық су тимеуін қадағалаңыз су барынша жылы яғни бөлме температурасымен бірдей болса жеткілікті.

8. Шашты жуып болған соң ешқандай фен қолданбаңыз шаштың қалыпты жағдайда кепкені дұрыс.Шаш қыстырғыштарынан да бас тартқаныңыз жөн. Болмаған жағдайда бигудиді қолдансаңыз болады бірақ жатар алдында алып тастаңыз.

9. Шашты жуып болған соң қайда шықсаңызда бас киіммен шығыңыз бұл сізді бас терісіне түсетін зиянды микробтардан сақтайды.

10. Дұрыс тамақтануда шаштың тез өсіп, әдемі болуына ғана емес жалпы өзіңізді сергек сезінуіңізге де күнделікті тағамыңыз көп әсерін тигізеді.

11. Шашыңыздың табиғи әдемілігін қалпына келтіру үшін, күнделікті тағамыңыздың құрамында мына тағамдар тобынан тұрғаны жақсы. Олар: дәнді дақылдар, бұршақты дақылдар, сүт өнімдері, жеміс-жидектер, балық және тауық еті, табиғи шырынды сусындар.

12. Мүмкіндігінше тәтті, ащы, ұннан жасалған және майлы тағамдардан бас тартыңыз. Күнде жеткілікті мөлшерде таза суды ішіп тұрыңыз.

Күнделікті шаш күтімі дегеніміз тыңғылықты және ұқыпты болуды талап етеді. Егерде жоғарыда жазылған кеңестерді күнделікті әдетке айналдырсаңыз сізге шаш күтімі соншалықты ауыр жұмыс болып көрінбейтін болады. Ал сіздер өз тәжірибелеріңізге негізделген шаштың күтіміне және тез өсуіне арналған қандай кеңестер бере аласыздар? Пікір жазу формасы арқылы бөлісулеріңізді сұраймын және де сіздерге шабыт беру үшін әр түрлі шаш үлгілерінен құралған фото суреттер топтамасын көруді ұсынамын.
...