+1 дауыс
896 көрілді
Маған екі жігіт сөз салды. Біреуі менің бірінші сыныптан оқып келе жатқан досым, екіншісі жаңадан танысқан бала. Не істесем екен?

8 жауап

+1 дауыс
Сіздің жүрегіңіз қайсысын қалайды?Өз жүрегіңіздің үніне құлақ түріп көріңіз.
+4 дауыс
Меніңше, ешнәрсе істемегенің жөн. Сөздеріңе қарасам мектеп оқушысы  боларсың. Мына жерде сен не істеу керегін өзің білер едің, егер сенде "шынайы махаббат" деген ұғым болса. Жігітпен жүру ерте, ал ерте емес деп ойлайтын кез-келген дені дұрыс бойжеткен, біреуден ақыл сұрап жатпас еді.  Меніңше , мына жерде сіз сәл де болса мақтанғыңыз келгендей....
.
.
.
.
<font color='red'>p. s. Сайт заңын ескере отырып жоғарыда тұрған [FAQ-Көмек][1]ті оқып шығуыңызды сұраймын. Сонымен қатар бұл сайтта таза қазақ тілі және қазақ әріптерімен жазуыңызды ескеремін. Сұрақ қоярда Ілмектерді - ажырату үшін (,) үтір қолданылады: деген жерді бос қалдырмауыңызды сұраймын, жәй ғана емес қатты сұраймын. Өзге қолданушылардың да назарына.....</font>


  [1]: https://surak.baribar.kz/faq
+1 дауыс
Жалпы жақсы таныс доссыңыз тиімді болатын сияқтыы...
тиімдісі нес? бұл не сауда ма? тиімді тиімсіз пайдалы зиян болатындай...
хехе неше түрлі жауаптар болады)))
+3 дауыс
Сөз салды,жүру деген не өзі ? Тек сөз салғанына,жүргендеріне мәз адамдар ... ал шынайы махаббат қайда?
Менің сізге айтарым: Егер басыңыз жасаса, Мектеп кезде жүрудің қажеті жоқ. Біріншіден ол сабағыңызға кері әсер етеді. Екіншіден мұғалімдерден тағы сөз келеді. Үшіншіден ата-анаңа сөз келеді. Одан да тынышымен сабақ оқып, ҰБТ-ға дайындалып, тыныш өзіңмен өзің жүргенің жақсы сияқты. Бәріне де үлгеруге болады ғой...Болашағыңыз алда ғой... Әлі-ақ талай бала артыңыздан жүгіреді...Сөз салады... Ал мына кішкене балалардың сөз салғанына бола... басыңызды ауыртпаңыз.  Не істесем екен? депсіз...сіз ештеңе істемеңіз.
дурыс айтасыз менде бари сиз айткандай
+1 дауыс
Біз сіздің ішіңіздегі ойыңызды біле алмаймыз... Жүрегіңіздің үнін де тыңдай алмаймыз... Сондықтан, шешімді өзіңіз қабылдаңыз! Қайсысы өзіңізге лайық деп ойлайсыз, қайсысы сіздің көңіліңізден шығады, мінездеріңіз қай баламен сәйкес келеді, соны таңдап, бақытты болуыңызға тілектеспін!!!:)
+1 дауыс
Пікірлеріңізге көп рахмет! Мен өз шешімімді қабылдадым. Уақыт бөліп, маған жауап жазғандарыңызға алғысым шексіз!
0 дауыс
бірінші сыныптан оқып келе жатқан досыңды жақы жастайынан білесің! ал жаңадан танысқаның ол сенің өмір кезегің одан өмірден сабақ алуыңа жол салады ,ары қарай жүрегіңе құлақ түр! қайсысы қалайтынын өзің шешерсің!
0 дауыс
бұрыннан танитын досыңмен жүрген дұрыс қо ,танысқан адамың қандай адам 2-3 жыл керек қо білу үшін
...