0 дауыс
1.9k көрілді
Ұлыбритания флотында портқа қайтып келгенде сүңгуір қайықтарда жасалатын дәстүр

1 жауап

0 дауыс

Сүңгуір қайық – су асты жағдайында ұзақ уақытқа дейін іс-қимыл жасау қабілеттіліктерімен қамтамасыз етілген, маңызды тактикалық қасиеті жасырыну болып табылатын ұрыс кемесі.


Сүңгуір қайықты жасау XVII ғасырда басталды.

Жыл Оқиға
1620 Алғашқы сүңгуір қайықты Лондонда Голландия ғалымы К. ван Дреббель жасап шығарды
1724 Ресейде өнертапқыш Е.Никонов
1776 Солтүстік Америкада Д.Бушнелл
1801 Францияда Р.Фултон
1850 Германияда В.Бауэр өз нұсқаларын жасады
1861 – 65 ж. Алғаш сүңгуір қайық АҚШ-тағы азамат соғысы кезінде қолданылды
1950 жылдардан бастап АҚШ пен КСРО-да, кейіннен Ұлыбритания мен Францияда атомды энергетикалық қондырғылы сүңгуір қайық жасау қолға алынды

I-дүниежүзілік соғыстың басында соғысушы елдерде 50 м тереңдікте, 5700 – 7200 км қашықтыққа жүзе алатын сүңгуір қайықтар барлау жүргізуге, базаны қорғауға пайдаланылды. II-дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінде 111, Ұлыбританияда 58, Францияда 77, Италияда 115, Жапонияда 63, Германияда 57, КСРО-да 218 сүңгуір қайық болды.


Ірі державалардыңфлоттарында сүңгуір қайық маңызды орын алады. Олар су үсті кемелерін, су астықайықтарын, қарсыластың аумағындағы жер үсті нысандарын жоюға, сонымен қатар әр түрлі арнайы міндеттерді (барлау, диверсиялық топтарды түсіру, т.б.) орындауға арналған. Қазіргі заманғы сүңгуір қайық атқаратын міндетіне қарайбаллистикалық жәнеқанатты зымырандармен,торпедолармен жәнеминалармен қаруланады,гидроакустикалық,радиолокациялық, т.б.радиоэлектронды аппараттармен жарақтандырылады. Баллистикалық ракеталар, әдетте жер үсті нысандарын, ал қанатты ракеталар, торпедолар мен миналартеңіздегі қарсыластарды жоюға қолданылады. Сүңгуір қайық негізгі қару-жарағына қарайатомдық жәнедизельді болып бөлінеді. Сүңгуір қайық біркорпусты, бір жарым корпусты және екі корпусты болады.

Қазіргі кезде әлемдегі бес мемлекеттің қарулы күштері атомдық суасты қайықтарымен жарақтанған, олар: АҚШ, Ресей, Франция, Ұлыбритания және Қытай. Алдағы жылдары бұлардың қатарына Үндістан мемлекеті де қосылады. Militaryparitet.com сайтының мәліметі бойынша, қазір Үндістанда INS Arihant деген атауға ие болған екі бірдей атомдық суасты қайығы жасалып жатыр. Сондай-ақ жақын болашақта Бразилия мемлекеті де атомдық суасты қайықтары бар елдердің қатарына кіреді. Бразилиялықтар жасап жатқан қайық құрылыстары шамамен 2020 жылдары аяқталады деп жоспарлануда. Тарихи есеп бойынша ең алғаш атомдық сүңгуір қайыққа ие болған ел – АҚШ. Артынша бәсекелесінен қалыспау үшін КСРО да осындай қарулы техниканы жасап шыққан болатын.

14.08.2013 Үндістан әскери күштері пайдаланып жүрген, Ресейде жасалған Sindhurakshak ("Синдхуракшах") сүңгуір қайығы сәрсенбіге қараған түні Мумбай порты маңында жарылып, өртенген соң суға батып кетті. Үндістан әскери теңіз күштері өкілдерінің хабарлауынша, бортта қалған 18 теңізші із-түзсіз жоғалған. Үндістанның қорғаныс министрі Аракапарамбил Энтони кейбір теңізшілердің қаза тапқанын растап, оқиғаны "соңғы уақыттағы ең үлкен апат" деп атады. Бірнеше теңізші жараланып, ауруханаға түскен. Жарылыстың неден шыққаны әзірге белгісіз. 16 жыл бұрын жасалған сүңгуір қайық таяуда ғана Ресейде күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңартылған.


https://kk.wikipedia.org/wiki/Сүңгуір_қайық

...