0 дауыс
2.3k көрілді
қазақ елінің жалпы өнері жайлы эссе

1 жауап

0 дауыс
Қазақ өнері

Өнерi. Қазақстан жерiнде кезiгетiн бейнелеу өнерiнiң алғашқы нұсқалары палеолит дәуiрiне жатады.
Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрiнде кездеседi.
Неолит және қола дәуiрiнде тасқа бедерленген Баянауыл үңгiрiндегi (Павлодар обл.),
Таңбалы аңғарындағы (Алматы обл.) бейнелер (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегiлген бұқа, сиыр, т.б.)
мен Балқаш к-нiң солт. жағасындағы жақпар тастардағы суреттер (келiншектiң қасындағы екi ер кiсiнiң жекпе-жек
 қылыштасуы, т.б.) қазақ жерiн мекендеген тайпалардың негiзгi кәсiбiн, әдет-ғұрпын баяндайды.
Көптеген шекiме суреттердiң сюжетi жыртқыш аңдардың аша тұяқтыларға шабуылына, дiни нанымға құрылған.
 Суреттер нобайына iшiнара қына түстi бояу жағылған. Андрон мәдениетi мұрасына саналатын геом.
өрнектi қыш ыдыстар, қалыптау арқылы жасалған бұйымдар, күн шапағы бейнеленген қола құрал-жабдықтар
 Орт., Солт. және Бат. Қазақстан аумағында жүргiзiлген қазба жұмыстары кезiнде ашылды. “Таңбалы тастағы”
 (Алматы обл.) б.з.б. 2 ғ-дағы тасқа бедерленген Будда бейнелерi (көп қолды Чон-Рай-Сик, Мун-Сақ Будда,
Манла Будда) шекiме суреттердiң озық үлгiлерiнiң бiрiнен саналады. Осы жартастарда 16 — 17 ғ-ларда салынған
суреттер де бар. Дiни нанымдағы суреттер Алтай мен Тарбағатай аймағында да ұшырасады.
Қола мәдениетiнiң соңғы кезеңiне саналатын Беғазы-Дәндiбай мәдениетi тұсында (б.з.б. 9 — 8 ғ-лар) көне өнер
түрлерi жаңа үлгiлермен толыға түскен. Б.з.б. 7 ғ-да көшпелiлер одағының нығайып, әлеум. құрылысы мен
шаруашылықтың дамуына байланысты б.з.б. 4 ғ-да байырғы сақ, ғұн, үйсiн өнерi гүлдендi. Қол өнерi мен сән
өнерiнiң ағаш ұқсату, зергерлiк өнерi, кесте және кiлем тоқу салалары дамыды. Ертiс, Шiдертi, Өлеңтi, Сiлетi, Есiк,
 Түрген, Iле өзендерi және Орт. Қазақстан мен Сыр бойындағы, Баянауыл, Сауыр тауларының етегiндегi обалар
мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары, жиһаздық заттар көшпелi тайпалар өнерiнiң даму кезеңiн
көрсетедi. Скифтердiң аңдарды бейнелеу нақышы Қара т. үстiртiне қарағанда қазақ жерiнде бұрын дамығанын
дәлелдейдi. 1970 ж. Алматы обл. Есiк қ. маңынан табылған алтын бұйымдар (“Алтын адам”, бұғы, арқар,
 жолбарыс, жылқы, барыс бейнелерi) да — б.з.б. 6 — 5 ғ-ларда қазақ жерiн мекендеген тайпалардың өнер үлгiлерi.
 Ежелгi зергерлiк өнерi бұйымдарын асыл таспен әшекейлеу алғаш ғұн, үйсiндерде, кейiннен оғыз, қыпшақтарда
қолданылған. Сақ дәуiрiнде бұл әдiс көп тарамаған. Үйсiн зергерлiк өнерiнде көркем оймыш, бедерлеу және
инкрустация тәсiлдерi басым пайдаланылды. 6 — 8 ғ-ларда байырғы сақ, ғұн, үйсiн өнерi негiзiнде байырғы түрiк
өнерi дамыды. Бейнелеу өнерiнiң кейбiр салаларының аттары қалыптасты. Қолөнерiне маманданған шеберлер
 (зергер, бәдiзшi, сәулетшi, т.б.) шықты. Суреттер сюжеттiк жағынан байи түстi. Жұмырлап жасалған тас мүсiндер,
 тастан қашалған құс пен балық бейнелерi, барельефтер, ағаш, сүйек, ою, асыл тас жұмырлау өркендедi.
Байырғы түрiк өнерi кезеңiнен бастап қазақ жерiнде мүсiн өнерi кең етек алды. Мүсiндер Торғай өз. мен Ұлытау
төңiрегiнен бастап, Сарыарқадан күншығысқа қарай созылып, Алтай, Тарбағатай тауларына дейiн, Оңт. Қазақстанда
 Қаратаудың екi жақ етегiнде, Бурылтау, Талас тауларының, Алатаудың жазық алаңқайларында ұшырасады.
Мүсiндер Түрiк қағандығы (6 — 8 ғ-лар), қыпшақ заманы (7 — 13 ғ-лар) кезiндегi мүсiн тастар болып екi топқа
бөлiнедi. Көпшiлiгi адам бейнесiнiң нобайын ғана көрсететiн дөрекiлеу түрде жасалғанымен, iшiнара бет әлпетi мен
 тұлғасы айқын суреттелген жұмыр мүсiндер де кездеседi. 16 — 18 ғ-ларда тас мүсiн қашау жойылып, оның орнына
 ою-өрнек және араб жазуларымен әсемделген құлпытастар көптеп жасала бастады.  Байырғы сақ, ғұн,
үйсiн өнерiнде кiлемдер мазмұнға құрылған суреттермен әсемделсе, 5 — 7 ғ-ларда көп тараған қазiргi қазақ
 кiлемiнiң үлгiлерi қалыптасты. Ясы, Отырар, Сығанақ, Тараз, Сайрам, Құлан, Мерке, Баласағұн, т.б. қ-ларда
8 — 12 ғ-ларда өнердiң көптеген салалары (көзешiлiк, бедерлеу, көздеу) өркендедi. Осы заманның киiз үй
түрiндегi қыш ыдыстары; бедерлеу, кесу, жапсыру арқылы жасалып, түрлi түстi бояумен (қара, қоңыр, сары,
қызыл) жылтыратылған қабырға өрнектер мен су құбырлары; ромб не шеңбер түрiндегi үлкен әрi анық ұлттық
ою-өрнектермен әсемделген терiден, металдан жасалған бұйымдар — өркендеген өнердiң дәлелi. Архит.
құрылыстардың сыртқы қабырғалары, iшкi еңселерi мен күмбездерi ғимарат құрылымымен үндес тартымды
ою-өрнектермен әсемделiп отырды. Азия мен Еуропадағы күмбездi архит. құрылыстар секiлдi қазақтың киiз
үйi ежелгi замандардан қазiрге дейiн халық қол өнерiнiң үздiк үлгiлерiн жинақтаған қазына iспеттi. Киiз үйдiң iшi
 мен сырты, бау-басқұры секiлдi жиһаздық заттары тартымды әрi биязы ою-өрнекпен әсемделдi. Сәндiк, тұтыну
 заттарынан басқа да басқұр, алаша, тықыр кiлем, кебеже, т.б. қолөнерi бұйымдары киiз үй iшiн безендiруде басты
 орын алады. Алтын зер және жiбек жiптермен кесте тоқу, ағаш ұқсату өнерi, ағаш пен сүйектi жымдастыру
арқылы көркемдеу, терi ұқсату, зергерлiк өнерi де күштi дамыған (қ. Қазақ қол өнерi). 19 ғ-да Қазақстанда болған
 орыс суретшiлерiнiң (В.В. Верещагин, т.б.) қазақ халқының өмiрi мен тұрмысын бейнелеген картиналары
өмiрге келдi. 1847 — 57 ж. қазақ жерiне жер аударылған Т.Г. Шевченко дала өмiрiнiң көрiнiстерiне құрылған
сериялы суреттерiнде жергiлiктi халық тұрмысын шыншылдықпен бейнеледi. Ағартушы ғалым, әрi қазақтың
тұңғыш суретшiсi Ш.Ш. Уәлихановтың сулы бояу және қаламмен салған портреттерi мен суреттерi
 (“Үлкен Орданың қазақтары”, т.б.) 19 ғ-дың ортасында салынды.

    Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңiнде өзiне тән музыкалық дәстүрi дүниеге келдi; соның нәтижесiнде
`` бай муз. мәдениетi қалыптасты. Бесiк жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегi салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Халық муз. шығарм. негiзiнен пентатоник. белгiлерi басым жетi тонды диатоник. мажор мен минорлық ырғақтарға негiзделдi. Эпостық жырлар речитативтi әуенде жырланды. Қазақ халқының тарихи қалыптасу ерекшелiктерiне қарай муз. шығармалардың әуендiк сипаты түрлiше әрi әншiлiк, күйшiлiк, орындаушылық дәстүрiнде де айырмашылықтары болды. Орындаушылық дәстүрдiң түрлерi: домбыра немесе қобыздың сүйемелiмен ән салу, муз. аспаптарда күй тарту, т.б. “жар-жар”, “сыңсу” сияқты тойларда айтылатын әндердiң қайырмалары көп дауыспен орындалды. Шығармалар тақырыбы мен муз. айшығына орай: космол. (жұлдыз, Ай, Күн және басқа планеталар жайлы), демонол. (жалмауыз кемпiр, жын-шайтан, перi, т.б.), бақсылардың емдiк әндерi, эпик. әндер, ертектер, мысалдар, еңбек әндерi, тұрмыс-салт әндерi, лирик. әндер, тарихи әндер, т.б. болып жiктеледi. Аспаптық муз. үзiндiлерiнде соғыс көрiнiстерi, батырлар сайысы, бәйге, қыран құстың самғауы, қасқырдың ұлуы муз. тiлiмен бейнелендi. Халық музыкасы мазмұнына қарай әр түрлi қызмет атқарды. Әсiресе бөбектер ойынын бейнелейтiн музыка өзiнiң ықшам, қысқа, бiр ырғақты, шағын көлемдi, диапазоны мен формасының қарапайымдылығымен үй iшiнде орындауға ыңғайлы болса, лирик. және әлеум., тарихи тақырыптағы әндер мен күйлердiң әуендiк диапазонының кеңдiгi, мәнерiнiң әртүрлiлiгi, ырғақтық құрылысының күрделi болуы орындаушыдан үлкен шеберлiктi талап еттi. Қазақ музыкасының тарихи даму жолында ұлттық өнердiң өшпейтiн классик. шығармаларын тудырған дарынды күйшi-композиторлар шықты. Аты аңызға айналған Қорқыт (8 — 9 ғ-лар), муз. нота жазуының алғашқы үлгiлерiн ойлап тапқан Әбу Наср әл-Фараби (870 — 950), 15 ғ-да өмiр сүрген Қазтуған мен Асан қайғы — қазақтың өткендегi дамыған муз. мәдениетiнiң дүлдүл өкiлдерi;
...