+1 дауыс
46.3k көрілді
Әке туралы өлең керек( сөзімен болса жақсы болар еді)?

4 жауап

+1 дауыс
http://www.audiopoisk.com/track/no/mp3/ake-turali-jir---ake-turali-jir/
Әке туралы жыр

с. М.Шаханов
ә. Н.Тілендиев

Жас едім өмірге еркін бойламаған
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем
Дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған
Шарықтап кетсем
Дағы қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған

Жан әке, шертіп сезіп
Домбырасын
Кеудемді қуанышқа толтырасың
Арманның асқарына құлаш ұрсам
Алдымда асқар тау боп
Сен тұрасың
Арманның асқарына құлаш ұрсам
Алдымда асқар тау боп
Сен тұрасың

Бұл күнде мен де
Өзеннің арнасымын
Кім мөлдір болса
соның жолдасымын
Қуан сен, қуана бер, әкетайым
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Қуан сен, қуана бер, әкетайым
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Қалайсың Жансая..__)))
Белгісіз
привет Кука))
+1 дауыс
Қайрат Нұртас-"Әке"

*Отқа түстін суға түстін мен үшін
Енді міне бағын берді жемісін
Бала қыран шыңға шықса бұл күнде
Мұның бәрі әке сенің жемісін
Анашымды отырғызып жаныма
Той берейін салып алаканыма
 Ей адамда шүкіршілік етіңдер
 Мына өмірде әкелерің барына
 Тек әкелер сендер ғана лайықсын
 Хан сарайы патша тағына
 Тек әкелер сендер ғана лайықсын
 Хан сарайы патша тағына
 Алатаудай қадірін білесін бе?
 Арманаң мен ұлдарын өсуде
 Алтын шапан кигізсем де аз саған
 Айтшы әке не істей алам сен үшін
 Анашымды отырғызып жаныма
 Той берейін салып алаканыма
 Ей адамда шүкіршілік етіңдер
 Мына өмірде әкелерің барына
 Тек әкелер сендер ғана лайықсын
 Хан сарайы патша тағына
 Тек әкелер сендер ғана лайықсын
 Хан сарайы патша тағына
 Ана жұмақ әке жұмақ қақпасы
 Бұлар жаққа бұрсандаршы ат басын
 Бір күндері жұмақ іздеп барғанда
 Қапа болып қақпа ашылмай жатпасын
 Анашымды отырғызып жаныма
 Той берейін салып алаканыма
 Ей адамда шүкіршілік етіңдер
 Мына өмірде әкелерің барына
 Тек әкелер сендер ғана лайықсын
 Хан сарайы патша тағына
 Тек әкелер сендер ғана лайықсын
 Хан сарайы патша тағына.*
[Қайрат Нұртас-Әке][1]


  [1]: http://kiwi.kz/watch/o38gc4peu7g2/
0 дауыс
Әкем-әнім

с. О.Сүттібаев
ә. Ә.Сулейменов

Ұшырдың баптап ұядан
Кетпейсің ойдан, қиялдан
Арманға биік қол созсам
Тұрасың демеп жиі алдан

Көңілім бүгін алаңды
Күттің бе, әке, балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді

Адалдық әр кез көксеген
Үйрендім, әке, тек сенен
Ардақтап өтем мәңгілік
Ғұмырда жалғыз жетсе дем

Көңілім бүгін алаңды
Күттің бе, әке, балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді

Жүректі тербеп күй сынды
Биікке ұшсам сүйсіндің
Мойныңа көптен асылмай
Сағындым, әке, иісіңді

Көңілім бүгін алаңды
Күттің бе, әке, балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді
0 дауыс
Əке туралы бір əнді іздеп едім ұл қызын ер жетті бүгін деген сөздері бар тауып бере аласыздарма
...