0 дауыс
561 көрілді

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Салық кодексіне сай республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай ұтыстарды есептеу күні қолданыста болатын ең төменгі жалақының 50 процентi (2012 жылғы мөлшері 17 439/2 тең 8719,5 теңге) шегiндегі лотерея бойынша ұтыстар салық салуға жатпайтын табыстарға жатады.  (156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар)

-

Тек аталған сомадан асып кетер болса ол ол сізге төленетін  ұтыс ретінде, (19-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР) төлем көзінен салық салынатын табыстарға олардың  түрлеріне жатады және салық төлеушiнiң табыстарына 10 проценттiк ставка бойынша салық салынады.

-

Жалпы ұтыстар түсінігіне — салық төлеушілердің конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздарға байланысты ұтыс ойындарын қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын заттай және ақшалай түрдегі табыстардың кез келген түрлері, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі табыстар кіреді.
0 дауыс
Ол ұтысты алудың да машақаты көп дейді ғой. Ұтысың қолыңа тием дегенше 50 пайызы ғана қалатын шығар.
0 дауыс
90% лотерея ұтып алған адамға тиісті.
Мен жоғарыда не айттым?!

Ұқсас сұрақтар

...