Мнемоника (гр. mnematik - есте сақтау өнері) - табиғи ассоциациялар жасау көмегімен есте сақтауды қамтамасыз ететін, жасанды түсініктер арқылы қажетті мәліметтерді еске сақтауды жеңілдететін ережелер мен тәсілдер жиынтығы. [1]
Мнемоника таңбалары сақталып қалған не топталған бірнеше зат арқылы, солардың суреттерінен көрінуі мүмкін. Мысалы,садақаға —соғыстың, соғыс жариялаудың мнемоника таңбасы. Қазақстанның таулы аудандарында танбалы тастар көп, солардың бетіндегі қолына найза, садақ ұстаған адамдар мен әр түрлі аң суреттері ерте замандағы аң аулау көрінісін еске түсірегін мнемоникалык таңбалар болып табылады