Химия реакторлары—химиялық реакцияларды жүргізугө арналған аппараттар.
Химия реакторларының конструкциясы мен жүмыс режимі реакцияласатын заттардың агрегаттық күйіне жөне реакцияның жүру бағытын, жылдамдығын қамтамасыз ететін жағдайға (темп-pa, қысым, реагенттер концентрациясы т. б.) сай болуы керек. Xимия реакторлары реакция үшін гомогенді жүйө (бір фазалы газ не сұйық) және гетерогенді жүйе (екі не үш фазалы мысалы: газ — сұйық—қатты дене) болып бөлінеді. Өнеркәсіпте қолданылатын Xимия реакторларына колоналар, камералар, контакт аппараттары, полимеризаторлар т. б. жатады.
Xимия реакторларының жүмыстың жүру принципіне байланысты периодты, жартылай периодты, ауыспалы цикллі және үздіксіз жұмыс істейтін түрлері болады. Периодты реакторларға реакцияға қажет заттар бір мезгілде са- лынады. Реакция кезінде заттардың концентрациясы мен темперасытурасы тұрақты болмайды. Жартылай периодты реакторларда әрекеттесуші заттардың біразы бір мезгілде, қалғандары біртіндеп салынады, бүл аз тоннажды өндірістерде қолданылады. Ауыспады циклді реакторларда эндо-және экзотермиялы реакциялар алмасып отырады. Үздіксіз жүмыс істейтін реакторларға реакцияға қажет заттар үздіксіз жане бірқалыпты енгізіледі, реакция өнімдері де осылай шығарылады. Ірі тоннажды өндірістер үздіксіз жүмыс істейтін реакторларда іске асырылады, мысалы: аммиак, күкірт қышқылын өндіру, пиролиздеу т.б. Xимия реакторларындағы реакцияны қажетті жылдамдықпен жүргізу үшін реакцияласатын заттардың концентрадпясын, температурасын реттеу, гетерогенді фазалардыц жанасу ауданын өзгерту, катализатор активтігін түрақты күйінде сақтау т. б. әдістер қолданылады. Температурасыpa режнмін жылу алмасу әдістері арқылы реттейді. Заттардың жанасу ауданын ұлғайту үшін қатты заттарды үсатады. Xимия реакторларының сыртқы және ішкі қүрылысы әр түрлі болады, бір өндірістің өзінде бірнеше реактор қолданылады.