+1 дауыс
74.5k көрілді
Киіз үйдің  құрылысы жайында реферат тауып бересіздер ме?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді. Киіз үйдің құрылысы бірнеше бөліктерден тұрады.
Киіз үйдің сыртқы бейнесі.
Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. сол сияқты шағырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.

Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Халық сәмбі талын сыр талы, қайыр талы, боз тал деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді “үйші” дейді.
Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттарымен атайды.Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықта “туырлық” деп атайды. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды. Киіз үйдің туырлығы бірыңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса оны “ақ үй”, қоңыр жүннен басылған киізден жасалса “қоңыр үй” деп атайды.

 Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:
    Шаңырақ
1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 – шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.
Киіз үй керегесі    
Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.
   Кереге.
Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.

  Уық
Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.
Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.
Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.
Киіз үй есігі
Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.
Киіз үйдің есігі – «Сықырлауық»
Киіз үй есігінің құрылысы: 1-маңдайша; 2-босаға; 3 -сықырлауық; 4-жақтау; 5-табалдырық.
Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.
Сықырлауықты әшекейлеуге «қошқармүйіз», «түйемойын», «дөңгелек жапырақшалар», «түйетабан», «шырмауық» сияқты бедер-өрнектер қолданылады. Бедерлі шегелермен, желіммен сүйекті жапсырмалайды.
0 дауыс
[міне][1] мынаны қарап көр


  [1]: http://russian.xjts.cn/eco/content/2009-11/26/content_4606622.htm
Рахмет,керемет жазылған екен!
0 дауыс
Киіз үйдің сүйегі кереге, уық, шаңырақ, есіктерден құралып, бау-басқұрлармен, яғни басқұр, құр, таңғыш, шалма (иық бау), белдеулер арқылы біріктіріліп таңылады. Оның сыртынан шым ши немесе ақ ши тұтылып, киіз әбзелдерімен – туырлық, үзік, түндік, киіз есік сықылдылармен жабылады. Сондай-ақ киіз үйдің қаңқасы желбақан, салма қазық, уық қазықтарымен орнықтырылады. Киіз үй жоғарғы және төменгі бөлектерге бөлінеді. Төменгі бөлегі шеңбер доңгелек пішінді келеді, ал жоғарғы бөлегі күмбезше келеді. Шеңберше бөлегін құрайтын керегелер сұрыпталып, бедерленген тал-теректен, бір-біріне қайшылай сәйкестіріліп, таспа мен түйіледі. Қырық басты, елу басты керегелер бір-біріне сағанағы арқылы кірістіріліп көктеледі. Кереге басының саны шаңырақ көзінің санына қарай белгіленеді. Ал, керегенің санына қарай, киіз үйлер 3-4 қанаттан 30 қанатқа дейін барады. Торкөз немесе желкөз болып торланатын бұл керегелер жиып-жазуға өте қолайлы. Керегелердің кеңдігі 3,2-3,5 м, биіктігі 1,5-1,7 м болады.
Киіз үйдің сүйегін шебер үйшілер арнаулы жасайды, материалы түгел жергілікті жерлерден алынады. Ағаш қаңқасы үйеңгі мен талдан жасалады, ал шым шилер нар шилерден таңдап алып тоқылады. Киіз үйдің ағаш есігі мен есіктің маңдайша, табалдырық, таяныш, жарма беттері самырсыннан шабылады. Тұтас киіз үйдің қаңқасы бір тал шегесіз, бір тал сынасыз тұрғызылады. Міне, бұл еңбекшіл қазақ халқының үй құрылысы өнері жағындағы еңбекшілдігін, ақыл-парасатын аңғартады.

   Киіз үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін, керегенің сыртынан шым ши ұсталады. Шым ши ұзын-қысқалығы, жуан-жіңішкелігі бірдей шиден тоқылады. Үйдің екі босағасына ұсталатын шиді тоқуға баса мән беріледі, ши түрлі түсті боялған жүнмен оралып, салыстырмалы, сәйкесті, өрнектеліп тоқылады. Үйдің ішінде отырып қарағанда, өте тамаша көрініс береді. Шым ши сыртынан үзік пен туырлық жабылады, үзік пен туырлықтың баулары мықтап байланады. Киіз үйдің шаңырағының үстінен түндік жабады. түндік төртбұрышты келеді, бұрыш-бұрышында белдеуден байлайтын ұзын баулар болады. Әдетте, түндік жартылай ашық тұрады, түнде жабылады, жауын-шашын кездерінде тіреушпен көтеріп қояды.
Киіз үй іс жүзінде, көшіп-қонуға қолайлы келеді. Малшылар көктем, жаз, күз мезгілдерінде тынымсыз жұрт жаңалап, шөбі шүйгін, суы тұнық жерге қоныс аударып отырады. Киіз үйдің ерекшелігі оның тігіп-жығуға, артып жүруге қолайлылығы. Киіз үйді жығып, түйеге немесе өгізге артып, жаңа қонысқа жеткенде түсіріп, бірер сағаттың ішінде шаңырақты қайта көтеріп, орнығып отыра бересіз. Егер үйдің тігілген орны жайсыз болса, бірнеше жігіт көтеріп, таңдаған жерге қондыра салуға  болады. Киіз үй көшіруге ыңғайлы ғана емес, ең маңыздысы берік, әрі жанға жайлы келеді. Киіз үйдің дөңгеленіп тігілетін себебі, бұл оның дауылдан, жауын-шашыннан қорғану, жер сілкінісінен сақтану мүмкіндігін асырады. Осы себептен де байтақ далада игеріп отырған шаруалар тосыннан тұрған сұрапыл дауыл, қарлы боранның соққысына төтеп беріп келген еді.
0 дауыс

Босаға  деген   не

0 дауыс
жақсы болды үлкен рақмет

Ұқсас сұрақтар

...