+3 дауыс
62.5k көрілді

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Тәнi саудың жаны сау.

Ауру астан,

Дау қарындастан.

Ауру кiсi кiлкi сүймес,

Ауыр жүктi жылқы сүймес.

Қотыр қолдан жұғады,

Таз тақыядан жұғады.

Қырын алған қырқында

таз болар.

Ақша қарда көп жүрсең,

Көзiң бiр күн қарығар,

Алыс жерде көп жүрсең,

Көңлiң бiр күн тарығар.

Ауру батпандап кiрiп,

Мысқалдап шығады.

Аурып тұрдың –

Аунап тұрдың.

Аурып жазылған жан олжа,

Жоғалып табылған мал олжа.

Көзiң ауырса, қолыңды тый.

Iшiң ауырса, аузыңды тый.

Таз таранғанша той тарқар.

Соқыр көргенiнен жазбас.

Шыныменен жыласа,

Соқыр көзден жас шығар.

Аурудың алдын ал.

Ауруын жасырған өледi.

Керең, адамның аузына қарар,

Соқыр, кiсiнiң даусына қарар.

Тыймаған ауызда пәле бар.

Нас басқанды – бит басар.

Туа мүкiс жазылмас.

Ауру азығымен.

Әуелгi байлық – денсаулық,

Екiншi байлық – он саулық,

Үшiншi байлық – ақ жаулық.

Ауруды елемеген өледi,

Дауды елемеген төлейдi.

Елемеген ауру жаман,

Ескермеген дау жаман.

Тұмау – аяғы құрт,

Тұман – аяғы жұт.

Сәтiн салған ауруға,

Не болса, сол ем болады.

Iздеп алған аурудың,

Емi табылмас.

Бас ауырса жан қорқады.

Iшi өткеннiң арты бiлер.

Ауру шықпаған

жаннан дәмелi,

Жалқау бiтпеген

малдан дәмелi.

Айналдырған ауру –

алмай қоймас.

Ауру кiрдi – әлек кiрдi.

Аш кiсi ұрысқақ,

Арық қой тырысқақ.

Ұйқы орын талғамайды.

Көкiрек ауру күле өлер.

Аман болса бұл басым,

Тағы шығар бұл шашым.

Саңырауға сәлем берсең,

"Атаңның басы" дер.

Ақсақтың ақырына бақ.

Басы ауырып, балтыры

сыздамағанның.

Тәңiрiмен iсi жоқ.

Қотыр қолда, қола сақина.

Тұр-тұрдан хабар келсе,

Ұйқыдан маза кетедi.

Тазалық – саулық негiзi,

Саулық – байлық негiзi.

Басы аманның малы түгел.

Демi бардың – емi бар.

Екi ауру бiр келсе,

Ажалыңның жеткенi.

Жалқаулық – жаман ауру.

Жұғын бар жерде –

шыбын бар,

Шыбын бар жерде –

шығын бар.

Жан ауырса – тән азады,

Қайғы басса – жан азады.

Айдалаға атқан оқ,

Ажалжыға тиедi.

Өлiм бар жерде – қаза бар.

Арық семiредi,

Ауру жазылады.
+1 дауыс
Дені саудың жаны сау....
+2 дауыс
-Тәні саудың жаны сау.
-Денсаулық - зор байлық
- Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде.
0 дауыс
ххххх бәрін жазып қойыпты ғой))))

Или Вы тревожитесть о своем здоровье,
 или здоровье потривожит Вас! (Е. Горобченко)

осыны қоса салайын, орысша болсада керемет мақал!
Қазақшасы қалай болар екен.
))) аударып көрейін))
Сіз өз Денсаулығыңызды уайымдамасаңыз,
Денсаулығыңыз Сізді уайымдатады!
 енді түп мағынасы осы ғой))))
0 дауыс
Осы да сұрақ па,әй сендер де бір...
Сұраққой,онда тұрған не бар?
0 дауыс
менің жұмбақ шешкім келіп жүр көмектенісші бірінші әріп белгісіз ал екінші әріп  с үшінші төртінші бесінші әріптер белгісіз қандай  сөз қоюға болады?
астык деп кой
аспаз аскар
0 дауыс
Дени  Сауды жаны сау
...