Админ тағайындайды, сонымен бірге көпшіліктің ұсынысы да ескерусіз қалмайды.
.
Сайтта белсенділік танытып, өз қызметін жақсы ақтарған Маман дәрежесіндегі қолданушыны сайт әкімшілігі өзара дауыс беру арқыды, қолданушының келісімімен не қолданушының өтініші бойынша Редактор дәрежесіне жоғарылата алады. Сайтқа қатысты маңызды талқылауларда белсенді маман талқылауға шақырылады.
Маман дәрежесіндегі қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 2 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 30 дан аз болмауы тиіс. Жасы 15-тен (он бес) жоғары болуы қажет.Егер барлық талаптарға сай келсеңіз сіздің деңгейіңізді Редактор дәрежесіне жоғарылатуы жөніндегі өтінішіңіз қарастырылады. (маман дәрежесіндегі қолданушы бірден модератор болуына өтініш білдіре алмайды, ондай өтініштер ескерусіз қалады)
Сайтта белсенділік танытып, өз қызметін жақсы ақтарған Редактор дәрежесіндегі қолданушыны сайт әкімшілігі өзара дауыс беру арқылы, қолданушының келісімімен не қолданушының өтініші бойынша Модератор дәрежесіне жоғарылата алады.
Редактор дәрежесіндегі қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 4 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 50ден аз болмауы тиіс. Жасы 17-ден (он жеті) жоғары болуы қажет. Егер барлық талаптарға сай келсеңіз сіздің деңгейіңізді Модератор дәрежесіне жоғарылатуы жөніндегі өтінішіңіз қарастырылады.
Модераторлар сайт әкімшілігінің негізгі бөлімін құрайтын болғандықтан сайтқа байланысты маңызды шешім қабылданар алдында модераторлар өзара дауысқа салу арқылы қабылданады. Модераторлар қолданушыларды Редактор не модератор дәрежесіне ұсынар алдында өзара дауысқа салып, шешім қабылдау қажет.
.
*Айсара Төлепова, сіз өз-өзіңізді тағайындай алмайсыз, бірақ көзге түсіп, сайтқа үлкен үлес қосып жүрсеңіз Админнен Кері байланыс арқылы өтініш білдіре аласыз. Өтініш білдірмес бұрын жоғары да жазып өткенімдей мүмкіншілікке ие болуыңыз керек.*