Мақал-мәтелді аяқтап көріңіздерші....

+2 дауыс
1.9k қаралым
1. Балаңды өскенше бағасың....
2. Тіл тас жарады...
3. Адамды адам қылған....
4. Ер жігіт көлін аңсайды...
5. Қасқырдың баласын қанша асырасаң да...
6. Өзге елде сұлтан болғанша....
7. Балам - балым...
8. Арпа, бидай....
9. Ару ару ма....
10. Қымызды кім ішпейді....
Қазақ тілі Белгісіз

4 жауап

+1 дауыс
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
Қасқырдың баласын қанша асырасаң да, ол қасқырлығын жасайды!!!
+1 дауыс
Тіл тас жарады....Тас жармаса бас жарады.
Ер жігіт елін аңсайды....Аққу көлін аңсайды(болу керек)
Адамды адам қылған .......еңбек
Қасқырдың баласын қанша асырасаңда....бөлтірік болар
Өзге елде сұлтан болғанша .....Өз еліңде ұлтан  (болу керек)
Арпа бидай ас екен.........Алтын күміс тас екен
Қымызды кім ішпейді.........Қызды кім алмайды

Қалғанын білмедім (ренжімеңіз)
(Жалғасы)
Балаңды өскенше бағасың......немереңді өлгенше бағасың
Балам - балым.......баламның баласы - жаным
Қымызды кім ішпейлі........қызды кім айттырмайды
+3 дауыс
1.Өз балаңды өскенше бағасың, Немереңді өлгенше бағасың.
2.Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады
3.Адамды адам қылған-еңбек
4Сары-ала қаз көлін аңсайды, Ер жігіт елін аңсайды
5.Қасқырды қанша асырасаң да, түзге қарап ұлиды
6.Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол!
7.Балам – балым, баламның баласы – жаным
8.Алтын-күміс тас екен, Арпа-бидай ас екен
9.. Ару батпандап кіріп, мысқалдап шығады
10.Қызды кім айттырмайды, Қымызды кім ішпейді
Меніңше өте дұрыс және тамаша жауап, Айсара осыншама мақалды қайдан білесіз
мына мақалды естімегем екем: "Сары-ала қаз көлін аңсайды, Ер жігіт елін аңсайды" өте жақсы
Тек 9 -шы қате екен ауру емес ару дей сұрапты ғой
Рахмет көп-көп!
Ия мақалды аздап болсада білемізғо әйтеуір!
+2 дауыс
с

1    Балаңды өскенше бағасың, немереңді өлгенше бағасың.
 2   Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады.
3    Адамды адам қылған еңбек.
4    Ер жігіт елін аңсайды, аққу көлін аңсайды.
5    Қасқырдың баласын қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды.
6    Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол.
7    Балам - балым, қызым-қызығым.
8    Арпа, бидай ас екен,алтын,күміс тас екен.
9    Ару ару ма істеген ісі оңбаса, әр-бір оның қылығы көңіліңе қонбаса.
10    Қымызды кім ішпейді,қызды кім айттырмайды
Өте жақсы!!!!!
Ер жігіт елін аңсайды деңіз....
Түзетіп қойдым,Көркем.
127,728 сұрақ
322,342 жауап
153,210 пікір
72,716 қолданушы