Əртүрлі жарты жазықтықтарда жататын а түзуінен 12дм және 5дм қашықтық та А, В нүктелері берілген . АВ кесіндісінің ортасы болатын О нүктесінен а түзіне дейінгі қашықтықты табыңдар.
Жазықтықта жатқан түзу мен нүктелердің өзара орналасуын қарастырайық.
Қандай да бір жазықтық және сол жазықтықта жатқан а түзуі берілсін.а түзуі жазықтықты екі бөлікке бөледі.Бөліктердің әрқайсысы жарты жазықтық деп аталады. Жарты жазықтықтардың біріншісі α1, екіншісін α2 арқылы белгілейік.А,В нүктелері бір жарты жазықтықта жатса, оларды қосатын АВ кесіндісі а түзуімен қиылыспайды. C,D нүктелері мен CD кесіндісі де дәл сол сияқты. Ал А және С нүктелері әр түрлі жарты жазықтықтарда (α1 және α2) жатыр. Оларды қосатын АС кесіндісі а түзуімен О нүктесінде қиылысады.
Бізге берідген екі нүкте екі жарты жазықтықта жатса В және Д нүктелері мысал ретінде қарастырсақ: В нүктеге дейін 12 дм, ал Д нүктеге дейін 5 дм берілген. Екеуінің ортасы Х нүктесі деп алсақ ол (12+5)/2=8,5 дм В нүктеге қарай 8,5-5=3,5 дм қашықтықта жатады.
Жауабы а түзуінен АВ кесіндісінің ортасы О нүктесі 3,5 дм қашықтықта орналасқан