0 дауыс
5.6k көрілді
Электронды коммерция деген қандай жұмыс, ол заңсыз жұмыс па?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Электрондық коммерция — ақпараттық желі көмегі арқылы жасалатын іскерлік келісімнің қандай да бір формасы. Яғни бұған мысалдар көп, банк карточкасын арқылы сауда жасау, онлайн дүкен аралау, электронды сақтандыру, электронды мемлекеттік сатып алу

Қарапайым тілде айтсам, сатып алу, сату, қызмет көрсету компьютерлік жүйелерді пайдалана отырып маркетингтік шаралар өткізу мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Электрондық коммерция жүйесі қайда бағытталса, сол электрондық коммерцияның басты нысаны болып табылады. Олардың қатарына тауар, қызмет және ақпаратты жатқызуға болады.

Электронды коммерцияға кіретіндер мыналар екен:

    электронды ақпарат алмасу (Electroniс Data Interchange, EDI),
    электронды капитал айналымы (Electronic Funds Transfer, EFS),
    электронды сауда-саттық (e-trade),
    электронды ақшалар (e-cash),
    электронды маркетинг (e-marketing),
    электронды банкинг (e-banking),
    электронды сақтандыру қызметтері (e-insurance).

*Ал заңдылығына келетін болсақ толық заңды, алысқа бармай мемлекеттік сатып алуды алайық, бірақ сіз істеп жүрген қай сала екен?*

-

*Қазақша Уикипедияның берген мәліметі мынау*
*Электрондық Коммерция – сатып алушылар мен сатушылар арасындағы желілік өзара байланыстар негізінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуге бағытталған қызмет.
Электрондық коммерция құралдары бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастыруға,
заңды тұлғалар арасында мәміле жасасуға,
электрондық биржаларда қызмет жүргізуге,
тапсырысты және тұтынушылық тауарлардың,
көрсетілетін туристік,
білім беру,
көрсетілетін коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге мүмкіндік береді.
Тауарды жарнамалау, оған тапсырыс беру, ақы төлеу, жеткізу жұмыстары желілік құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, желілік жарнамалау кезінде дүкен өзінің Уеб-тізілімін немесе Уеб-сайтта сөре жасайды, мұнда сатып алушы тауардың ерекшеліктері мен сипаттамалары туралы хабарды оқып қана қоймайды, сонымен бірге мультимедиа-құралдарын пайдалана отырып, оны көре де алады.
Тауарлардың тізімін көрсететін Уеб-бет сатып алушының желілік тәсіл арқылы таңдаған тауарлардың және оларға тапсырыстың қоржынын қалыптастыруға негіз болады. Қоржындар туралы барлық мәлімет жүйеде қалады және сатушыны маркетингілік ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сатып алушы сайтқа жіберілетін және клиенттің нені сатып алғысы келетіні туралы мәліметтерді жинайтын электрондық бағдарламадан тауарды таңдай алады. Тауардың ақысы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып немесе дәстүрлі тәсілмен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз төленеді. Электрондық коммерция логистикаға және электрондық өзара іс-қимылдың ғалами сипатын ескере отырып жеткізу мәселесіне ерекше талап қояды. Электрондық коммерция екі секторға бөлінеді. Олар: көтерме сауда секторы және бөлшек сауда секторы.*
0 дауыс
*Электронная коммерция деңіз.Орыс википедиясында былай жазылыпты: бұл компьютерлік желілер арқылы  іске асырылатын қаржылық және саудалық транзакциялары бар  экономиканың бір саласы, сондай-ақ осындай транзакцияға байланысты бизнес-процесстер..*Бұл сөздің ұғымы кең екен.Заңсыз емес секілді бірақ , өз ойым*.*
0 дауыс
QNET па? Ол заңды бизнес! өйткені ол ҚР әділет министрлігіне тіркеліп лизенциясын алған! Әрі алматы қаласында ресми агенттігі жұмыс істейді
0 дауыс
Алтынайжан,менің ойымша он ойланып шешім қабылдайтын жұмыс. Тегін ірімшік тек қана тышқан қақпанда ғана болатынын естен шығармаңыз.
...