0 дауыс
79.6k көрілді
Буланудың екінші тәсілі –қайнауды қарастырамыз.Қайнау процесін бақылау үшін құтыға су құйып, температурасын өлшей отырып, қыздырамыз. Біраздан кейін құтының үстіңгі жағында  тұманды байқауға болады.Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді.Сыртқа  шыққан су буы  салқын ауамен араласады және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады. Температурасы ары қарай жоғарлағанда құты қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде  көптеген кішкене көпіршіктер пайда болатынын көреміз. Бұлар судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері. Қыздырған кезде  олар судан бөлініп шығады.  Ауа көпіршіктерінің  іші су буымен толады да, олардың өлшемдері біртіндеп үлкейе береді. Көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да , жоғары көтеріледі. Осы кезде әдетте қайнар алдында  ызыл естіледі.Неге? Өйткені жылы су буы көпіршіктерімен салқын су көпіршіктері соқтығысқанда дыбыс шағарады. Белгілі бір температурада  көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады. Бұрқылдап су қайнай бастайды.

Сұйықтың  тек үстіңгі  бетінен ғана емес сонымен бірге оның ішінде  де бу көпіршіктерінің  пайда болуымен жүретін қарқынды булану қайнау деп аталады.
Біз кез-келген жер бетіндегі денелерге  атмосфералық қысым әрекет ететінін білеміз.Енді осы су көпіршіктері  қандай жағдайда осы атмосфералық қысымды жеңіп сырқа шығады? Қайнау кезінде                           көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы  атмосфералық қысымнан төмен болмау керек.

Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді;
Қайнау кезінде  сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын температураны  қайнау температурасы  деп атайды.
Қалыпты атмосфералық қысымда  әртүрлі заттың  қайнау температураларының  мәндері анықталған.

Кейбір заттардың қайнау температурасы, оС

( Қалыты атмосфералық  қысымда 105 Па)

сутек    -253    су    100    сынап    357
Оттек    -183    сүт    100    қорғасын    1740
эфир    35    спирт    78    мыс    2567
Алайда сұйыққа түсетін сыртқы қысым  атмосфералық қысымға тең болмауы да мүмкін.  Атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен болса онда  су төменгі температурада қайнай береді.  Биіктігі  5-6 мың  метр  Эльбрус шыңында  су шамамен 800С- та қайнайды. Сұықтың үстіндегі қысымды жасанды түрде төмендетсек , онда кез келген температурада  тіпті қату температурасында  қайнайды.  32 гПа   25 оС су бөлме температурасында қайнайды.   Ал сыртқы қысым 6 гПа болғанда , су  00С-та қайнайды.Судың төменгі қысымда қайнауын қант өнеркәсібінде қолданады. Қант ертіндісі  бар болғаны бірнеше  ондаған градуста бұрқылдап  қайнайды.Қант сиропының күйіп кету қаупі болмайды және  артық су тезірек бөлініп шығады.Керісінше  судың бетіне  аса жоғары қысым түсіре отырып , судың температурасын  1000С тан жоғары температурада  қайнатуға  болады. Автоклав құрылғысында тем-ра  200 0 С-қа дейін қызады.

• Автоклав

• химия

• тамақ өнеркәсібінде

• медицинада

• ағаш өңдеу фабрикаларында

Қайнау процесі үзбей жүру үшін оған үнемі сырттан энергия беру керек. Қайнаған сұйықтың температурасы  өзгеріссіз қалады.Бірдей массадағы  түрлі сұйықтарды  қайнау температурасында буға айналдыру үшін әртүрлі  жылу қажет болады. Заттардың булану қабілеттілігін  сипаттайтын шама меншікті булану жылуы (r) деп аталады.

Меншікті булану дегеніміз- сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға  айналдыруға қажетті жылуды айтады.

Q = rm         (Дж кг)- өлшем бірлігі

Қалыпты атмосфералық қысымда қайнау температурасында әртүрлі сұйық үшін  меншікті булану әртүрлі болып келеді.

7 жауап

+2 дауыс
+100 градус  температурада қайнайдыыы!)
0 дауыс
Мұны білмейтін адам жоқ шығар. Менің ойымша орынсыз сұрақ
+1 дауыс
*Температура қысымға тәуелді* дегенді сонау сегізінші ма тоғызыншы ма класста айтпап па еді?
*бұл дегеніміз жердің кәдімгі қалыпты атмосфералық қысымында (101 325 Па (101,3 кПа) (барометрмен өлшенеді)) су +100<sup>0</sup> цельсий да қайнайды. ал егер сіз биік таудың шығына барып суды қайнататын болсаңыз онда оның қайнау температурасы жүзден аз болады (Джомолунгме шыңында (биіктігі 8848 м) су +69,7 <sup>0</sup> та қайнайды екен. (себебі тау шыңында қысым аз болады) ал бір шақырым тереңдікте, жердің астында су қайнатсаңыз онда су +309,5<sup>0</sup> та қайнайды дейді. себебі ол жақта қысым жоғары*
Еу, Джек, сенің суың азанға дейін қайнамай қойып еді ғой, дәлелің қайда?
Джек қария не екенін түсіндіріп берш?
мына сұрақтың --->  https://surak.baribar.kz/96258/  ең төменіне түсірсең жарқ-жұрқ көзді/ ақ сақалды шалды көресің...Ептілер соны ДЖек Қария деп атап жүр...(әлі ұнамай жүр))
Һоу һоу һоу аяз атаны таныстырғандай айттың ғо
Басында солай танығам)                          [flud`]
+2 дауыс
Су +100 градуста қайнайды. Химиядан өткен жоқсыңдар ма не?
0 дауыс
жоқ мен бес оқим,
0 дауыс
Менде 5 оким химия жоқ бизде
0 дауыс
Судын булануы температураға байланысты болады.Тепература котерылген сайын суда котерыле береды.Қалыпты температура болушын (ДЖ-кг) өлшем бірлігін жасау керек.
...