0 дауыс
5.9k көрілді

3 жауап

+2 дауыс
Әдемілік, көркемділік деген - сұлулық. Оның екі түрі болады:
1) жан сұлулығы
2) тән сұлулығы
Осы екеуінің айырмашылығын [мына жерден][1] оқи аласыз)


  [1]: https://surak.baribar.kz/89314/
+1 дауыс
кешірерсіз көркемділік дегенді былайша айтайын.......Көркемділік - өнер шығармаларының өзіндік ерекшелігі, эстетикалық сұлулығы - дүниені, болмысты сипаттап сөйлетудегі суретшілік, бейнелік, өрнектілік. Көркемділік келісім жоқ жерде, өнер шығармасы өмір сүрмейді. Көркемділік - өнер туындысының сапалық көрсеткіші. Көркемділіктің бастау бұлағы, қайнар көзі - суреткердің өміріндегі әдемілікті көре білуі, шебер бейнелеуі, ой-сезімін, жан толғанысын әсерлі әрі шебер жеткізерлік қабілеті, қиялға байлығы. Бұл ретте А.Байтұрсынұлының көркем сөз табиғаты тұрғысындағы пікірі соншалықты бағалы. Ол: "Сөз өнері - адам санасының үш негізіне тіреледі. 1. Ақылға, 2. Қиялға, 3. Көңілғе. Ақыл ісі - оңдау, яғни нөрселердің жайын ұғу, тану, акылға салып ойлау; қиял ісі - меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белғілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеп сурепеп ойлау; көңіл ісі, - түю, талғау. Тілдің міндеті - акылдың аңдуын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенше айтуға жарау". Мысалы: "Бір күнде, жас коңілім, судай тастың, Тасқындап, кемеріңнен шалқып астың. Төрт бұрыштан дүниенің көрмей болжап, Қиялмен көк қақпасын барып аштың (Ш.Бөкеев). Бұл шақта бұрқыраған қуатқа толы табиғатын, көңіл құсының емін-еркін шарықтайтын шағын ақын Шәңгерей жеріне жеткізе сипаттаған деуге болады. Ой-қиялын әсерлі сөздермен өрнектеген. Соған лайық поэзиялык жиһаздарды таңдап, талғап толғаған. Әсіресе әсірелеулерге көбірек жүгінген. А.Байтұрсынұлыша айтқанда, "дерексіз нәр- се деректі нәрседей, жанды нәрсе жансыз нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жеткен". Көркемділік шығарманың күллі суреттегіш-бейнелегіш құралдар жүйесінің іштей жарасым-үйлесімінен, мазмұн мен пішіннің тұтастық-бірлігінен, ішкі байланыстарынан, ымыраласуынан туады. Осынау эстетик. сапа-қасиеттер суреткердін шығарм. тәжірибесіне, көркемдік шеберлігіне, интеллектуалдық мәдениетіне қарай қалай қаруланғанына, өмір шындығын терең танытып, тебірене сезінуіне байланысты. Ақындар айтысында кездесетін оралымдар: "Коңілдің жапырағын желдей желніп" ("Әжек пен Шәріпжамал"), "Өлеңнің асыл тоны" ("Қолтума мен Намаз"), "Өлең кені", ("Молда Бәйім мен қыз"), "Сөз тамыры", "Өз кешені", ("Әсет пен Ырысжан"). Көркемділік сипаттар образдар жүйесімен де тамырлас. Бейнелі үғым - түсініктер (сөз - үғымдар, сөз - символдар, сөз - образдар), сол бір халықтың тұрмыс-тіршілігімен, дүние-танымымен өзектес құбылыс. Сондықтан да бүлар мейлінше мәнді, ажарлы, сымбапы. Ой-санаға, сезім дүниесіне сырлылык дарытады. Поэзия тілінің қайнар бүлағы - үлттық рухани, көркем қазынаның койнау- ларындағы асылдарын ақтару, яғни айрықша ақындық қабылдау, шеберлік қабілет, "біркелкі киял". Мысалы: "Жел соқса да сөнбейді алтын панар, Жақсының екі көзі шамдай жанар. Қанатын күн шалмаған мен бір түйғын, Қанды көз, май жеп алғаш ақ иықпын. Сөзім - кырғи ұяда қанапаған..." ("Әжек пен Шәріп- жамал"). Ақындар туған халқының жаратылысқа, туысқа, қоршаған ортаға, аңшылық, қүсбегілік, зергерлік, т.б. өнер түрлеріне байланысты сүйкімді атауларды (алтын панар, түйғын, ақ иық, ақ киік, ұстараның жүзі, етікшінің бізі және т.б.) ойға желі етіп, поэзиялық кұбылту, сипаттау тұдырған. Кейде осындай бейнелі үғымдар шебер салыстыру сипаттаулармен тіркесе айтылады. Мәселен: "Айманның ақ моншақтай білегі бар, Майысқан жез қармақтай сүйегібар"("Айман-Шолпан"). Шынайы Көркемділік әдебиетке тән көркемдік ойлаудың өзгешелігіне байланысты болады, өмір шындығына терең бойлайтын ойшылықтан, айрықша сезімталдықтан, суреткерше, ақынша сезіне білу қабілетінен туады. Көркем ойдың өткірлігі, тартымды бейнелілігі, эстет. сезімнің нәзіктігі, суреткерлік шеберлік үштасып келіп, шығармада терең мазмұн мен келісті түр, жарасымды бірлестік тапканда ғана нағыз Көркемділік келіп шығады. Ойдың сонылығы, сезімінің әсерлілігі әр сөзге өң беріп, ажарландырып, бейнелік сипатын арттыра түседі. Сондықтан көркемдік айшықты сөздердің көп болуын, суреттемелердің бояуының қоюырақ, қалыңырак болуын ғана талап етпейді, көріктеу, әсерлеу, үстемелеп айтумен қатар, қарапайымдылық, нақтылық, орайлы ықшамдылық та жарасымды болады
+2 дауыс
Әдемілік деген жүректе,иманда болар деймін.
...