Мұқағалидың "Ғашықпын" өлеңі кімде бар?

0 дауыс
4.2k қаралым
• Санаты: Кітап, Әдебиет

2 жауап

+3 дауыс
![description][1]
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
Ғашықпын.
Қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің, кеткенің бе?
Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,
Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?
Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
Өтермін сірә да мен бүл өмірден,
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып


  [1]:
+2 дауыс
Осы Мұқағалидың  бірнеше өлеңдерін  попури ғып шығарған түрі де бар ғой "Ғашықпын" деген. Керрремеет өлең. Естігендеріңіз бар ма? "Сүрініп кетпе" өлеңінен  басталатын...
 Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені...
Көрмейсің ғой кереметті мендегі.
Түсінсеңші сарсаң болған пендені,
Түсінсеңші!
Ақыл-ойым кем бе еді?!
Hегe бұлай?
Heгe жүрмін көңілсіз?
Қапаланып кетем бе деп өмірсіз...
Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға
Мен болмасам бола ма сол аман ба,
О, тәңірім не еткен жан едің?
Жүрегін еттен бе, әлде қоладан ба?
Шын ғашықпын несіне оны жасыра алам
Әрбір алтын ғой бір талы шашы маған.
Сырымды айтып, ән арқылы өзіңе
Сүйдім сәулем құлақ салшы сөзіме
Кездескенде күлімдеші сен маған
Кім қызықпас мөлдір қара көзіңе.
Жаным сені ешбір жанға қимаймын
Сені көрсем, бұл әлемге сыймаймын.
Бір сен үшін осы әнімді арнаймын.
Бәр сен үшін дала гүлін жинаймын
Бірақ, бұл өмірде қыздар деген көп екен
Көп болғанмен бұрынғысы жоқ екен.
Аққу болып, көктем болып келші сен
Көп кідірмей жауабыңды берші сен..........-әрі қарай да жалғасы бар , ұялы телефоныма да жазып алып тыңдап жүруші едім.
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
127,776 сұрақ
322,351 жауап
153,150 пікір
72,810 қолданушы