Кешірімді бола аласыз ба? Жакын адамынызға нені кешіре алмас едіңіз?

+17 дауыс
2.9k қаралым
• Санаты: Психологиялық кеңес | 2.9k қаралым

27 жауап

+26 дауыс
Жақсы жауап
әрине кешірімді  бола аламын.қай жағдай болмасын түсіністікпен қарап мән- жайды анықтап алуымыз керек.кешірімді болу кеңпейілділіктің белгісі
кешірімділік бұл әлсіздіктің белгісі.
+22 дауыс
Ия, бола аламын. Шыны керек, осы уақытқа дейін жақын адамдарымды кешірімсіз қалдырмаппын!
+23 дауыс
Пендеміз ғой! Жаңылмайтын жақ, шалынбайтын тұяқ жоқ қой! Басында өкпелермін, бірақ барлығын кешіруге бармын. Қанша дегенмен мына қамшының сабындай аз ған, жалған өмірде кек сақтағаның өзіңе ауыр.
Тамаша жауап,толықтай қосыламын +1.
al dostariniz laktirip ketse kewiresizbe ???? men oilanarmin birak kewiruge boldi karap otsaniz
+23 дауыс
арине бауырларына қатты ренжи алмайсын гой, ал жолдасымнан кешіре алмас едім, измена жасаса.
Себебі болса ше?
ондайдада себеп болама?
Білмеймін ғоо,бірнәрселерге көңілі толмай жүрсе дегенім де...
+22 дауыс
кешірмеске коймайды ғой
Неге кешірмесен не істеп қояды саған. Қорқасын ба?
+25 дауыс
Әйел адамдар көп жағдайда күйеулері көзіне шөп салса кешіреді. Отбасы, бала деп. Ал ерлер әйелдерін кешіре алар ма екен?
Кешірмейді,сол дұрыс.
ханзаданын айтканы дурыс мен косылам осы суракка жауап беретiн еркек барма
Сендер солай ойлайсыңдар,болмаса бала-шағасы үшін бәріне көніп жүрген еркектер көп,бірақ оның несі еркек.Ондай еркекті қаламассыңдар.
+23 дауыс
Көбінесе кешіремін,кешірді екен деп әбден басынып алса кешірмек тұр ғой жазалаймын.Ал туыстарды кешіремін,өйткені туысты таңдамайсың.
+24 дауыс
Алдыңа келсе әкеңнің де құнын кеш деген бар, Гауһар....

кешірімшіл бола білген көпшіл болуға жақсы ғой
+22 дауыс
Жарым маған адалдық танытпаса....Әдепкіде отбасын құрарда өзім де оған дәл осылай шарт қойғам...бәрін кешірем, бірақ көзіме шөп салар болсаң ештеңені қайтаруға, сақтап қалуға тырыспа деп...Әзірге мүлт кеткен тұсын көргем жоқ)))
Көрсететін тентек емеспіз ғоо...]:)
+22 дауыс
барлыгын кешире аламын тек 3 нарседен баска, ;

1, кол котеру

2, измена

 3, боқтамау
Сонда күнде боқтап отыру керек па,оған кім шыдайды,мына шарттарыңның бәрі тек кана күйеуіңе арналған ғой,жаным ау.Басқа келер жау жоқ па,көршілер,қызметтестер,тағы басқалар дегендей.
+21 дауыс
Мен кешіремін.Жақын адам болса,тіпті де ренжімеуге тырысамын.Ренжісем,тез басыламын. ұмыьып,сөйлеп кетемін
+23 дауыс
Кектенуді жүрегім көздеген бе,

Аллаһ берер жарамның есіл емін...

Өкпелей де білмеймін өзгелерге,

Кез келгенді кезексіз кешіремін!
Нуреке,тамаша жауап+1.
+24 дауыс

Өзің істемегенді істеді деп айыптаса, байыбына бармай кінәләса (түбінде кешірем ғой) ұзақ уақыт сол жақын адамдарыма ашулы жүрем!

+24 дауыс
мен кешірем ойткені мен де Аллахтың кешірімінен үміт күтем. біз кімбіз пендеміз гой. бір-бірімізді кешіре алмасақ Аллахтың кешірімінен үміт күтпей-ақ қояйық онда. кешірімшіл және салмақты болу керек.
Айка,жауабыңа өте риза болдым+1.
керемет жауап!
+21 дауыс
Не  ушін болса да кешіремін, бірак ол бул туралы білмей ак койсын)))
+23 дауыс
мен кешіремін! бірақ уақыт керек! біраз уакыт яки умытамын дегенше! содан кейін сөйлесіп, кешірім жасаймын! кез-келген нарсені кешіре алам деп айта алмаймын! өйткені кешірмейтіндей нарсе жасаған жок маган ешкандаи адам!  уакытында көре жатармыз не болса да! Алла кешіргенді сүйген құлы етеді дейді ғой! Алла сүйген құл болғанға не жетсін!
+22 дауыс
<p>
    <span style="font-size:48px;"><span style="font-family:comic sans ms,cursive;"><em><span style="background-color:#0000cd;">Осы бір қатал өмірде кешірімді бола білген жақсығо!!!!!Жақсын адамың опасыздық жасағанда кешірмеуге болады!!!!</span></em></span></span></p>
+21 дауыс
Мен кешiру дегендi тусiне алмаймын жане кешiре де алмайтын жайттар болады. Отiрiк, саткындык, кастык дегендi су каным суймейдi. Сондай жасайтын адамдар калай бул алемдi емiн еркiн омiр сурiп жур екен.
+22 дауыс
Кешіремін.
Көбіне кешірмейтін жағдайлар болғанда ол адамды ұмытып кетемін, мүлдем есіме түспейтіндей етемін.
содан кейін өкпем де кетеді, кейін кездескен кезде өткен нәрсе ғой деп, бұрынғыдай араласа беремін.
+20 дауыс
Кешірімді болған дұрыс ))))АЛЛА  мейірімді, кешірімді құлдарын сүйеді !
+14 дауыс
Гаухар,сұрақ өте сәтті қойылған деп есептеймін,басқаша саған қалай (бонус)қолдау көрсетуді білмеймін.Осы сүраққа атсалысқан сайтчандардың барлығына ризашылығымды білдіргім келеді бәріңізге +қойдым,өте тамаша ,жүректері жұмсақ,мейірімді жандар екенін таныдым,әсіресе АДМИН,АЙКА,НУРИСЛАМның жауаптары ұнады.Мен де өздерің сияқты өмірдің мәні кешіріммен қарауда деп ұғатын жанмын.Онсыз да қатал мына заманда бір-бірімізге кешіріммен,түсіністікпен қарағанда ғана мамыражай өмір болады деп ойлаймын.Өздерің сияқты адамдармен өмір сүрген қандай жақсы еді.(clap)
Бәріміз бір бірімізді кешіре берсек, мына өмір не болып кетеді онда? "Ой, түбі кешіреді ғой" деп жүре береміз да онда, жаман жақтарымызды көрсетіп...
Жаман жақты көрсеткеннен жасырған қауіптірек.:D
+15 дауыс
Мен кешірімді де, кешірімсіз де бола аламын. Өзіме жасалған опасыздық, сатқындық, кемсітуді  мүлде кешіре алмаймын, ат басындай алтын берсе де. Ар-намысыма, Ата-анама қатысты сөздер айтса да кешіре алмас едім. Себебі өлімнен ұят күшті, және жұмақтың кілті ананың табанының астында делінген. Ал болмашы нәрселерді кешіруге болады.
+3 дауыс
Әрине, кешірімді бола аламын. Менің мінезім сондай...тез ашуланып, тез кешіремін) Жақын адам, аты айтып тұрғандай, саған ыстық, жан дүниеңе жақын адам. Сол себепті жақын адамды міндетті түрде кешіру керек деп ойлаймын. Себебі, мына өмірде барлық адамдар қателеседі. Мінсіз адам болмайды. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда бір-бірімізге түсінушілікпен қарап, қателіктерімізді кешіре білгеніміз жөн. Себебі, жер - домалақ. Сол оқиға алдыңнан шығуы мүмкін, кез-келген адамның басынан түрлі оқиғалар өтуі мүмкін.
0 дауыс
Кешірімді бола алмайтын  тәріздімін 40 әріптен кем болмасын
0 дауыс
Адамдардың  көпшілігі кешіре алады ,бірақ әрқайсысына белгілі бір уақыт керек. Менде бір дос  қыз болған( қазір дос деп айта алмаймын ,оған енді сенбейтін болдым) Үнемі өтірік айтатын,анасын алдайды  меніңмен біргемін деп ,ал шынында басқа жерде болады,жасай алмайтын нәрсеге уәде береді, т.с.с Осының бәрін көп жылдр бойы кешіріп келдім! Бір өтірігін кешіруім қиын болды,себебі тірі сап- сау жүрген бір жігітті қайтыс болды деп айтты. Бір жылдай уақыт өткен соң ол жігітті кездейсоқ кездестіріп қалдым,сөйтсем ол өлмепті,шет елге  оқуға кетіпті.Осы өтірігі шектен тыс болды,қалайғана, тірі жүрген адамды өлді дейді??? Тағы да фактілерді көрсетіп, жаназасын қалай шыққандығын бәрін шын сияқты етіп егіліп, жылап отырып, айтқан болатын .Кейін,әлгі жігітті көргендегі менің қандай күйде болғанымды түсінетін шығарсызар!!! ОЛ жігітке айттым ,осындай өтірікке алданғанымды.  Осы оқиғадан соң  ол қыздан  достықты үздім,! 10 -жылға созылған достық осылай аяқталды. Мен әлі кешіре алмай жүрмін, мүмкін   еш қашан кешірмейтін шығармын!!!
0 дауыс
Алланың озі тұрғанда,біз кешірмей кімбіз демекші,әрине кешіресің ғоой.Бірақ,өз басым екіжүзді адамдар мен  өтірік айтқандарды кешірмеймін.Жақындарыма да әңгімелесіп отырғанда өтірік өрге баспайтынын айтып отырамын.Достарымнан да соны талап етемін.
0 дауыс
Құдайым ау, сайтта қандай тамаша адамдар болған кезінде, қазір қайдасыңдар, сағындық...

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
127,938 сұрақ
322,808 жауап
153,161 пікір
72,926 қолданушы