0 дауыс
16.5k көрілді
Жылқы туралы жұмбақ тауып бересіздер ма?

Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ.Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын.Мереке-қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі,айырылмас досы болған.

Менің атам жылқышы болған. Мен де жылқыны жақсы көремін. Жылқы жайлы көп білгім келеді. Осы уақытқа дейін білгендерімді айтар болсам:

Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғар деп аталады. Жылқы сымбатты жануар.
Мойнынан түскен жалыны жібектей сусылдайды. Сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі. Жылқының дене бітімі көздің жауын алады. Бұрынғы кезде батырлардың жылқыларының аты болған. Қобыланды батырдың Тайбұрылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген. Жылқы қасиетті жануар. Жылқы қымызы бізге пайдалы. Ол қырық ауруға ем. Жылқы еті өте тәтті. Сондай-ақ жылқылар бізді қауіптерден қорғайды. Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан. Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен.

3 жауап

0 дауыс
Бітімі, зевра
Аумаған есек
Түліктен дара
Қазысын жесек.

Батырға көлік болған
Сүті-қымыз
Жегенге тамақ болған
Тағамен-жүріс.  
<br>
қосымша: Өті жоқ төрт түліктің бірі - жылқы ------- !
+1 дауыс
Қамыс құлақ,тоқсан тұяқ
Мінсең-қанат,сүті-дәрі,еті-тамақ (Жылқы)
0 дауыс
Жылқыға міңдің , ажалға міңдің

Ұқсас сұрақтар

...