Маған "сүйем" демесе де, "ұнатам", "мен үшін ерекшесің" дегендер болды. Сендім, өйткені мені көрген адам, сырттай болса да таныспыз, неге сенбеске?))
Қатты біртүрлі сезімде болдым. (в животе бабочки порхали))) )
бірақ ондай қатты ұнайтын адам емес еді, ананы - мынаны айтып, қоя ғой көкем, бұл сезім өткінші, ертең-ақ мені ұмытасың деп алдап- сулап, сосын сөйлеспедім. (игнорда жатқанын ол, әрине, білген жоқ)
Сосын белгілі бір себептерге байланысты қайтадан 2-3 күн сөйлесіп жүрдік. негізі мен оған әуел баста ескерткенмін ұнатпаймын деп, бірақ соңғы сөйлескеннен кейін(1,5 ай бұрын) ұнай бастады мааа..... Қой, олай емес.
Негізі қыз бен жігіттің жүруі ислами тұрғыдан алғанда адал емес, сондықтан өзімді тыйып жүрмін))))
бірақ бұл мүлде ғашық болмау керек деген емес, шайтан азғырмаса болғаны.
бүгін естідім, басқа біреуі де мені "ұнатып жүр-міс".. Содан енді кім болуы мүмкін, оған соншалықты не жазып қойыппын деп ойланып отырмын....
p.s ұзақ + тақырыпқа байланыссыз жазсам ғафу етерсіздер, ішімдегіні қалай шығарсам, не істесем деп ойланып отыр ем...