0 дауыс
9.7k көрілді
ТЕЗ АРАДА.

1 жауап

0 дауыс
Темперамент пен мінез психологиясы

16.07.2011, 19:32
Адамда темпераменттің әр түрлі типтерінің белгілі бір пайыздық мөлшері болады. Бұл темпераменттік мөлшерді (модельді) білу өзіндік бақылауды және өз істеріне баға беруді тиімді атқаруға мүмкіндік туғызады, қарым-қатынас жасаудың тиімді түрлерін және әдістері мен тәсілдерін дұрыс талдауға, өз іс-әрекетін сауатты жүргізуге, жолдастық жақсы қарым-қатынастар орнатуға ықпал етеді. Темперамент моделін анықтау әдістемесі берілген кестедегі тест ретінде ұсынылған «паспортты» толтыру қажеттілігін талап етеді. Темперамент формуласын анықтаудағы жұмыс тәртібі: а) Төрт топқа белінген қасиеттер жазылған мәтінді оқи отырып, егер, оның кейбірі өз бойыңыздан байқалатын болса, онда «иә» деп жауап беру қажет.
 б) Нәтижелерді өңдеу алгоритмі. Алдымен, әрбір топтағы А (А1 А2 А3 А4) «иә» деп берілген жауаптардың жалпы санын шығару керек. Содан соң төмендегі темперамент формулалары бойынша темперамент түрлерінің пайыздық арақатынасы анықталады:

 І-топ: А1
 Шыдамсызсыз, әбігершілсіз
 Қызбасыз, ашушаңсыз
 Тік мінездісіз, адамдармен қарым қатынаста дөрекісіз
 Батыл және бастамашылсыз
 Бірбеткейсіз
 Пікірталаста тапқырсыз
 Үмтылыспен жүмыс істейсіз
 Кекшілсіз және ренжігішсіз
 Сөзіңіз тез, қызба, дауыс ырғағы ретсіз
 Үшқалақсыз, қызба мінездісіз
 Агрессивті, сотқарсыз
 Тәуекелге бейімсіз
 Кемшіліктерге төзімсізсіз
 Мәнерлі ымды тез түсінгішсіз
 Тез және шешімді қимылға қабілеттісіз
 Жаңалыққа үмтылғышсыз
 Шалт және шүғыл қозғалатын адамсыз
 Қойылған мақсатқа жетуде табандысыз
 Көңіл-күйдің тез ауысуына бейімсіз

 ІІ-топ: А2
 Көңілді және ақжарқынсыз
 Қуатты және іскерсіз
 Көбіне істі соңына дейін жеткізбейсіз
 Өзіңізді асыра бағалауға бейімсіз
 Жаңаны тез үғып алуға қабілеттісіз
 Қызығушылықтарыңыз бен бейімділіктеріңіз түрақсыз
 Сәтсіздіктер мен жаманшылықтарды жеңіл қабылдайсыз
 Әртүрлі жағдайларға тез бейімделесіз
 Іске қызығып кірісесіз
 Егер іс қызықтырмаса, тез айнып қаласыз
 Жаңа жүмысқа тез кірісіп кетесіз, бір жүмыстан екіншісіне тез ауыса
 аласыз
 Күнделікті жүмыстың бірыңғайлылығы тез шаршатады
 Көпшілсіз, қайырымдысыз, жаңа адамдар шаршатпайды, қысылмайсыз
 Шыдамдысыз және еңбекке қабілеттісіз
 Мәнерлі қимылдар мен ишараларды қолдана отырып тез, анық сөйлей аласыз
 Кенеттен болатын жағдайларда өзіңізді үстай білесіз
 Барлық кезде сергек күйдесіз
 Үйқыға тез кетіп, тез оянасыз
 Шешімдер қабылдауда көбінесе жинақы емес, асығыссыз
 Кейде салғырт өмір сүруге бейімсіз

 ІІІ-топ: А3
 Сіз байыпты, сабырлысыз
 Істе жүйелі және байсалдысыз
 Сақ жүресіз және парасаттысыз
 Күте білесіз
 Түйықсыз және бос сөйлегенді үнатпайсыз
 Қатты эмоция, қимылдар мен ишараларсыз, байсалды және бірқалыпты сөйлейсіз
 Үстамды әрі шыдамдысыз
 Басталған істі аяғына дейін жеткізесіз
 Күшіңізді босқа жүмсамайсыз
 Өмірде тәртіпті, жүмыста жүйені қатаң үстанасыз
 Қарқынды жеңіл тежейсіз
 Мақтау мен даттауға көп көңіл бөлмейсіз
 Кекшіл емессіз. Қонақтарға кішіпейілділік білдіресіз
 Қызығушылықтар мен қарым-қатынастарда түрақтысыз
 Жүмысқа және бір істен екінші іске жай кірісесіз
 Адамдармен қатынаста бір қалыптысыз
 Барлық істе ђқыптылық пен тәртіпті үнатасыз
 Жаңа жағдайға қинала бейімделесіз
 Аз қозғаласыз, салғыртсыз,босаңсыз
 Ђстамдысыз

 ІҮ-топ; А4
 Сіз үяңсыз, үялшақсыз
 Тосын жағдайда абыржып қаласыз
 Бейтаныстармен байланыс орнатуға қиналасыз
 Өз күшіңізге сенбейсіз
 Жалғыздықты жеңіл көтересіз
 Сәтсіздікте абдырап қаласыз және ђнжырғаңыз түсіп кетеді
 Үяңсыз, түйықсыз
 Тез шаршайсыз
 Кейде сыбырлап, өлсіз дауыспен сөйлейсіз
 Өзге адам мінезіне амалсыз бейімделесіз
 Мақтау мен даттауды қолайсыз көресіз
 Өзіңізге және өзгелерге үлкен талап қоясыз
 Күмәншілсіз
 Армандауға бейімсіз
 Өте сезімталсыз және тез ренжисіз
 Әсерленгішсіз
 Тез ренжисіз
 Түйықсыз, көпшіл емессіз
 Белсенді емес, жасқаншақсыз
 Басқалардың көмектесуі мен ниеттес болғанын қалайсыз.
 Өздеріңізде анықталган темперамент типтерінің сандық сипатта-рын X және У осьтерінде белгілеңіз. Төрт шеткі нүктені өзара қосыңыз. Алынған кеңістікті ішінен бояңыз. Сіз өз темпераментіңіздің нақты моделін алдыңыз.
Темперамент типтерініц жалпы сипаттамалары жайлы оқып шығыңыз. Темперамент және мінез:
 Темперамент дегеніміз психикалыќ процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-қүлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиетгер жиынтығы. Темперамент қасиеттерін адамның түлғалық қырларына шартты түрде жатқызуға болады. Өйткені, олар биологиялық тәуелді болғандықтан адамның дара ерекшеліктерін қүрайды. Темпераменттің төрт түрі бар: сангвиник, меланхолик, холерик, флегматик. Бұл төрт типтің ішінде сангвиник пен оған қарама-қарсы - меланхолик сезім темпераментіне жатады. Алғашқысы түйсіктер жүйке жүйесінде және адамның санасында аса жылдамдықпен пайда болады және сырттай бірден байқалады, бірақ іштей түрақсыздығымен сипатталады. Меланхолик темпераментінде түйсік (сезім) сырт кезге онша байқалмайды, бірақ іштей өте терең және үзақ болып келеді. Сангвиник темпераменті көңілді адамдарға тән. Ол болашаққа сенімді, әзілкеш болып келеді. Ол тез қызбаланады, бірақ тез сабасына түседі, жақында ғана өзін баураған нәрсеге қызығушылығы тез басылады. Сангвиник көп уәде береді, бірақ өзінің уәдесін орындай бермейді. Ол бейтаныс адамдармен тез және оңай тіл табыса алады. Ақкөңіл және әрдайым көмек беруге дайын түрады.. Оны ауыр ой мен дене еңбегі тез шаршатады.
 Меланхолик темпераменті көңілсіз адамға тән. Ондай адамның, әдетте, ішкі өмірі күрделі және ауыр болып келеді. Ол өзіне қатыстылардың бәріне үлкен мән береді, тынымсыз және нәзік жанды болып келеді. Ол көбінесе және уәде берер кезде өзін ерекше бақылай алады, өзі орындай алмайтын нәрсе үшін ешқашан уәде бермейді.
 Холерик темпераменті қызба адамға тән. Мђндай адамды «ол өте қызба, шыдамсыз» дейді. Алайда, оның айтқанын жөн санап, дүрыс деп қабылдаса ол мінезінен тез қайтады. Оның қозғалысы шалт келеді.
 Флегматик темпераменті салқынқанды адамға тән. Ол ауыр және белсенді жүмыстан гөрі әрекетсіздікке бейім. Мүндай адам әсерлене бермейді, алайда, әсерленсе сол күйде үзақ болады. Мінез - бүл түлғаның адамдарға және орындалатын жүмысқа қатынасын анықтайтын түрақты белгілерінің жиынтығы. Мінез іс-әрекетте және қарым-қатынаста (темперамент сияқты) көрініс береді және ол адамның өзіне ғана тән қүлық ерекшелігін білдіреді. Қарым-қатынас мәнері тәрбиелі, инабатты немесе үстамсыз, сыпайы не дөрекі болуы мүмкін. Темпераментпен салыстырғанда мінез жүйке жүйесінің қасиеттеріне ғана байланысты емес, ол адам мәдениеті, оның тәрбиесіне де тәуелді.
...