0 дауыс
5.1k көрілді
Маған өте қызық біле жүрген өзімізге де зияны болмас деп ойлаймын. Өз жерлерініздің диалект сөздерін жазсаныздар?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
АҚ1 (Алм., Жам.) сауылатын малдардағы ауру. А қ тиді ме, сүт шықпайды (Алм., Жам.).
АҚ2 (Алм., Жам.) анық, айқын, шын. Бір өтірігі жоқ, бәрі а қ, батыр жаудың қол-аяғын байлап, осында алып келді (Алм., Жам.).
АҚ3 (Жамб., Жам.) тек, тек қана. Мұндай еңбек үстінде Ұлтайдың ойлайтыны а қ: «бір іс екі іс болмасын, жақсы істелсе ол өзіме де, колхозыма да әбиір». Ұлтайдың бір мінезі – еңбек үстінде сөйлеу дегенді білмейді, білетіні а қ: аршындап қимылдау, норманы асыра орындау, қалғандарға көмек беру («Кол-шы», 1935, №67).
АҚ4 (Рес.: Волг., Қалм.) теңіз.
АҚА1 (Алм., Шел.; Шығ. Қаз., Зайс.; Жамб., Жам.) айыр. А қ а с ы н ы ң санына қарай екі
а қ а, үш а қ а, төрт а қ а деп шөп жинайтын құралды айтамыз (Алм., Шел.). Бізде ағаштан жасалған үш тармақты айырды ғана а қ а дейді, ал темір айырды аша дейді (Шығ. Қаз., Зайс.). Үшақа, бесақа дегендегі «а қ а» айыр, тармақ деген мағынада да қолданылады (Жамб., Жам.).
АҚА2//АҚАС (Гур.: Мах., Маңғ., Есб.; Орал: Жән., Орда, Казт.; Түрікм., Красн.) аға, кейде өзінен үлкен кісіге қаратпа сөз ретiнде де айтылады. Балам, а қ а ң н ы ң атын алып кел (Орал, Жән.). А қ а, үйге кіріп жатыңыз (Гур., Есб.). – А қ а, сіздің бұл сөзіңіздің жаны бар екен (Түрікм., Красн.). Бәсе, Қайырбек а қ а м ғой... (Ғ. Сл., Шалқар, 195). Білесің бе бұл сенің Дауыл а қ а м а берген конфеттеріңнің қағаздары (Ә. Сәр., Тол. туғ., 309). – Тек, әй! Ойбай-ай, мына баланы-ай! А қ а м а айтайын ертең! Көргенсіз екен бұл! – дейді (Ж. Нәжім., Кішк., 13).
[Туваша акы (Рус.-тув. сл., 1980, 52); тофа. аха (В. Расс., ФЛТЯ, 152); хақ. ача (Хак.-рус. сл., 1953, 37); саха. аға (Як.-рус. сл., 1972, 29); алт. акы, ача (Н. Баск., ДК, 204; ДЧТ, 100). Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде ақа аға (С. Мал., ПДП, 359). Мон. ах аға (Моң.-қаз. сөз., 359); тұнғыс-маньчжур тілдерінде ака, аха, ага, ағ, агу тұлғалы сөздер – туыстардың үлкені, аға деген мағыналарда қолданылады (ССТМЯ, 1, 23)].
АҚА3 (Гур., Маңғ.) әке.
АҚАБА1 (Қарақ.) арықта қалып қойған су.
АҚАБА2 1. (Қ.орда: Сыр., Жал.) тоқтау су, жаңбыр суы. А қ а б а н ы ң айналасы саз (Қ.орда, Сыр.).2. (Шымк.: Сайр., Арыс, Шәу., Сарыағ.; Жамб., Шу) бау-бақша, егінге жіберілген судың мөлшерден асып сыртқа шыққаны. Арықтан жіберілген судың а қ а б а с ы н турала (Шымк., Сайр.).3. (Жамб., Жам.) егін суы жайылған жердің орны. Сиыр а қ а б а д а. А қ а б а н ы ң шөбі көктеп қалыпты (Жамб., Жам.).
[Өзбекше оқова сөзі тек сөз тіркесі ішінде келіп (сувно оқова қилиш) мағынасы жағынан жоғарыда көрсетілгендерден алшақ кетпейді (Узб.-рус. сл., 1959, 313)].
АҚАБА3 (Ақт., Қараб.) сүттің іріп кетуі. Шелектегі сүт а қ а б а болып тұр. А қ а б а бол-
ған сүттен құрт қайнатамыз (Ақт., Қараб.).
мынаған түк түсінер емеспін
Керісінше *түсінікті.  АҚ - диалект сөз. АҚ (бір-екілер) - бірінші -екінші мағыналары .... Жақша ішіндегі Жамб.Алм.Ақт.Маңғ. сол сөз шыққан не қолданылатын қала аттары - Жамбыл - Алматы - Ақтау/Ақтөбе - Маңғыстау....Одан кейінгі сипаттау сөз-сөйлемдер сол диалект сөзге түсіндірме."Аударма" Ал  одан кейін мысалдар жазылған.
+1 дауыс
''мяя картошки ғо''(мәссаған қызық қо) осы сөз диалект, ауызекі стилнде көп пайдаланамыз ,басқа жерлерде көп қолданыла бермейтін сияқты..(fingers)
+1 дауыс
Мен және менің достарым ғана қолданатын сөз бар, оны ешкім түсіне бермейді, және соны бізден басқа ешкімнен естіген жоқпын, үнемі әзілдесіп біз бір бірімізге ЖАРТЫБАС дейміз, құлаққа басында бір түрлі естілетін қазір үйреніп кеттік.

Ұқсас сұрақтар

...