0 дауыс
474 көрілді

1 жауап

0 дауыс

аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептiлiк және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатымен тексеру;

аудитор - Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) аттестаттаған, "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға;

аудиторлық есеп - жүргiзiлген аудиттiң нәтижесi болып табылатын жазбаша ресми құжат;

аудиторлық қызмет - қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараттың аудитiн жүргiзу және қызмет бейiнi бойынша қызметтер ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылған коммерциялық ұйым;

аудиттелетін субъект – өзіне қатысты аудит, өзге ақпарат аудиті, салықтар бойынша аудит жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер;

Аудит(лат. audіt) – кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктер мен акционерлік қоғамдардың қаржылық-шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау. Аудит (Audit) — 1) жүйенің басқару элементтерін тексеру;
2) қорғанышқа қатысы бар маңызды оқиғаларды табу және тіркеу мүмкіндігі. Операциялық жүйенің қорғаныш жүйесі осы қимылды орындаған процесті тіркеу үшін қорғаныштың ұқсастырғышын қолданады.

Экономикалық субъектілердің бухгалтерлік(қаржылық) есебін, төлеу-есептесу құжаттамаларын, салық декларациялары мен басқа да қаржылық міндеттемелерін, сонымен қатар қаржылық есепті жасау бойынша, бухгалтерлік есепті жүргізу және есепке қою бойынша ұсыныстарды жасайтын; активтермен пассивтерге бағалау жасап, сондай-ақ қаржылық, салықтық, банкілік және басқада шаруашылық заңнамалар негізінде тәуелсіз түрде ведомстводан тыс шарттық негізде жүзеге асыру бойынша жұмыс істейтін аудиторлардың (аудиторлық ұйымдардың) кәсіпкерлік қызмет түрі. Бұдан басқа, аудитор кәсіпорынға олардың салық органдары мен төрелік соттарда мүдделерін қорғау бойынша көмек көрсетуі мүмкін.

Аудит өзінің кәсіби қызметінде адалдық, обьективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшылдық принциптерді басшылыққа алу керек.

Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қоғамдық сенімді қолдау   әрі   нығайту   ретінде    адалдық,    обьективтілік   және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуын талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.

Аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын  немесе жалғандығын көрсетіп береді.

...