Шындықты айтатын телеарна ол К+ арнасы. Көпшiлiк оны арандатушы канал деп жақсы қабылдай алмайды. К+ арнасының ерекшелiгi болған оқиғаларды көбiне өзгертпей, монтаждамай сол қалпында көрсетедi және адамдардың сөйлегенiн де үзбей, бөлмей толық көрсетедi. Қазақстан телеарнасы ұлттық арна болғандықтан, мемлекеттiк арна болғандықтан мемлекеттiң, билiктiң пайдасына қарай көрсетiлiмдер жасайды. Сондықтан болған оқиғаларды шынайы көрсете алмайды. Мысалы, көтерiлiстi бұзақылық деп хабарламаса халықты үрейлендiрiп алуы мүмкiн, сөйтiп оған қатысы жоқ басқа халықты да билiкке қарсы қойып алуы мүмкiн. Бiз оған түсiнiстiкпен қараймыз. Мемлекеттiк телеарна болғаннан кейiн мемлекет мүддесiн қорғайтын ақпараттар мен бағдарламалар таратады. Елбасының саясатын жүргiзетiн жалғыз телеарна ол-Қазақстан Ұлттық телеарнасы, сондықтан оған сын айту мүмкiн емес. Хабар арнасы Қазақстанның ығында жүрген телеарна. КТК,31 канал, 7 канал аздап шындықты айтатын кездерi болады.Артық кетсе шек қоюшылар да жоқ емес. Радиолардың iшiнде шындықты айтатын тек қана [Азаттық радиосы] [1].
[1]: http://www.azattyq.org