+1 дауыс
628 көрілді
Жеке кәсiпкермiн. Азық-түлiк дүкенiм бар. Халыққа ең арзан бағамен тауар ұсыну мақсатында бiр кәсiпорынмен келiсiп (КАСПИЙ БЕРЕКЕТ) дүкендi жалға бердiм. Сатушы анам. Тауардың иесi және тауардың сатылу бағасын қоятын кәсiпорынның өзi, тауарды дүкенге қабылдап алатын,сақтайтын,сататын анам. Үстiне баға қоспайды тек сатушылық жалақысын алады.Сауданы реттеп, 15 күн сайын отчет жасап отырады. Маған аренданың ақшасы тиесiлi. Қаhарлы қыстың аязына шыдамай складтағы картоп, жуаларымыз үсiп кеттi. Ендi жарамсыз болып қалған тауарлардың шығынын өтеу кiмге тиесiлi? Дүкен иесiне ме (мен), тауарды қабылдап алған сатушыға ма (анам), аталған сауда орынның (КАСПИЙ БЕРЕКЕТ кәсiпорыны)өзiне ме немесе үкiметке ме? Бұл жөнiнде келiсiмшартта қарастырылмаған. Осыны реттеу қандай заңдарда қарастырылған. Сатушыға арналған, жалға алу, жалға беру, уақытша меншiк сияқтыларды реттейтiн заң немесе дәлелдi ақпараттар болса жазуларыңызды өтiнемiн! АШ.

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине сен емес, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі Ерекше бөлімінің 4-ші параграфы бойынша Үйлер мен ғимараттарды жалдау қатынасы жайлы айтылған.

-
*581-бап. Үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты
      1. Үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты бойынша жалға берушi үйдi немесе ғимаратты жалға алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беруге мiндеттенедi.*
    -

Аталған бап бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттерін белгілеу (жалға алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беру) үшін "Жалдау шарты" тараптар қол қойған бiрыңғай құжат ретiнде жазбаша нысанда жасалуы қажет. Бұл бойынша жалға алушы дүкен жайының жағдайына, күтімді болуына, сәйкесінше өз тауарлары үшін шарт мерзімі ішінде жауапкершілікте болады.
Жалдау шартының нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
Жалпы шартта құқықтар мен толық міндеттері, яғни мерзімі, бағасы, өтемақы көлемі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі, шартты бұзу тәртібі т.б. қарастырылуы тиіс.

Жалдаушының міндеттері мысалы:
Объектіні тек көзделген мақсатқа пайдалану,
Объектіде орналасқан заттардың сақталуын қамтамасыз ету, т.б. көптеген

-

Ал анаң келетін болсақ, ол кісінің міндеттері мен құқықтары Каспий Берекетпен жасалуы қажет еңбек шартында және толық материалдық жауапкершілік шартында, тауарға қатысты қызметтік міндеттерінде көзделуі қажет.
0 дауыс
фирма директоры өтейді
Жауабың үшiн рахмет! Дегенмен, сен оны қайдан бiлесiң?
Белгісіз
...