Нарманбет Орманбетұлы "Ғылым туралы" өлеңін тауып беріңіздерші?

0 дауыс
39.1k қаралым
Ғылым туралы
Жігіттер,сүндетсондай,парыз қандай,
``Егер де төлемесең қарыз қандай?
Баланы оқытпағың -парыз-қарыз,
Жалқаулық жаман мінез сары із қандай?
Нарманбет Орманбетұлы "Ғылым туралы" өлеңін тауып беріңіздерші?
• Санаты: Кітап, Әдебиет | 39.1k қаралым

2 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Ғылым туралы
    Жігіттер,сүндетсондай,парыз қандай,
``Егер де төлемесең қарыз қандай?
     Баланы оқытпағың -парыз-қарыз,
    Жалқаулық  жаман мінез сары із қандай?

   Бұл бала-бүгін бала, ертең дана,
  Оқымаса көңіліне бітпес сана.
  Адам туған баласын надан қылып,
  Ата-ана болмасын жүзіқара.

  Сегіз жастан баланы оқыт дейді,
  Ғылым ,өнер көңіліне тоқыт дейді.
  Оқытпаса обалы ата-анаға,
  Қарға қылып, қараны шоқыт дейді.

  Оқыса бала деген сұңқар болар,
  Жүзден жүйрік, мыңнан да тұлпар болар.
  Қиыр ұшып, қиыннан тоят тілеп,
  Көрінген жан құрметтер,іңкәр болар.
+1 дауыс

Жігіттер,сүндетсондай,парыз қандай,
``Егер де төлемесең қарыз қандай?
Баланы оқытпағың -парыз-қарыз,
Жалқаулық жаман мінез сары із қандай?

Бұл бала-бүгін бала, ертең дана,
Оқымаса көңіліне бітпес сана.
Адам туған баласын надан қылып,
Ата-ана болмасын жүзіқара.

Сегіз жастан баланы оқыт дейді,
Ғылым ,өнер көңіліне тоқыт дейді.
Оқытпаса обалы ата-анаға,
Қарға қылып, қараны шоқыт дейді.

Оқыса бала деген сұңқар болар,
Жүзден жүйрік, мыңнан да тұлпар болар.
Қиыр ұшып, қиыннан тоят тілеп,
Көрінген жан құрметтер,іңкәр болар.

Ұқсас сұрақтар

127,938 сұрақ
322,805 жауап
153,162 пікір
72,927 қолданушы