Біздің үйде әйелдің жұмысы деген "понятие" жоқ екен. Сиырды кім бос - сол сауады, кешке қарай кім үйде - тамақ жасайды, үй жинау - сіңілімнің жұмысы. Маманың қолы тимейді ме - інім нан ашыта салады, сіңілім немесе папам пісіре салады. Істегілері келмесе, дүкеннен сатып ала салады.
Болашақта күйеуім:
-тамақ жасауға көмектессе;
-үйді ойнап жүріп, жинауға көмектессе;
-сенің жұмысың, менің жұмысым демесе;
-қолым тимей жатса, кірді өзі жуа салса: (ну енД мәшине бар болған жағдайда)
-баланың тамағын түнде тұрып бере салса;
-тағысын тағы
Неткен керемет дешиш! (Білем, қазір жігіттер минустайды, минустай беріңдер, бұл менің ӨМІРІМ)