Менің ойымша, тамақ ішпей, тәжірибе жасап, өз-өзіңді қинап жүру (заставлять ету) денсаулыққа зиян. Ал арнайы арықтау үшін тамақ ішпесе, оның өзінің ережелері бар. Кейде тіпті тамақ ішуге уақыт та таппай қалатын кездеріміз болады... Таңғы асымды кешкі сағат 18:00 де ішкен сәтім болды( Басым айналды...әлсізденгенімді сезіндім... Сондықтан да, денсаулыққа зиян деп ойлаймын. Қазір міндетті түрде тамақтануға тырысамын. Көптеген аурулар тамақтан болады екен... Сақтансаң, сақтайды дейді ғой...) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік! Үнемі тамақтаным жүргеніміз абзал!