Менің берген жауабым ең пайдалысы. Омлед жасап жесеңіз болады. 4-5 жұмыртқаны шұңғылдау ыдысқа жарып , миксер мен немесе блендермен( бұлғауышпен де болады, бірақ онша көтерілмейді) көпіршітіп алып,сосын 1 -стакан сүтті қосып араластырыңыз. Өз қалауыңызша тұз, бұрыш ( мен екі шымшым қосамын) қосуды ұмытпаңыз! Табаға аздап май құйып,қызған соң" араластырманы" құйыңыз. Табаның астындағы отты азайтып,қақпағын жабыңыз. Түбі күйіп кетпеуін қадағалаңыз! Дайын болған соң ,кепсермен алып, жалпақ тарелкаға салып бетіне көк жуа, аскөк укроп петрушка турап себіңіз. Жасап көріңіз өкінбейсіз!