Жарыс,жарыс !!! Жаңалық Өтінем, толығырақ мәлімет беріңіз (жоқ дегенде 30 әріп)

0 дауыс
362 қаралым
«Шығармашылық бәйге»
Күні: 24 Қаңтар, 2012 | Айдары: Жаңалық, Сайт жаңалығы | 5 пікір| 271 рет оқылды
 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, ОҚО бойынша өкілдігі және «Ордабасы-НЖ»туристік компаниясы Мәуліт айы қарсаңында студенттер мен оқушылар арасында «Шығармашылық бәйге» ұйымдастырады.  Ақпан айының соңында Қаттани мешіті С.Сейфуллин атындағы «Халықтар достығы» үйінде ұйымдастырып отырған Мәуліт мерекесінде жеңімпаздар анықталып сыйлықтар беріледі.
Қойылатын талаптар:
1. Студент немесе оқушы болуы,
2. Студенттер 2 мақала,
3.Оқушылар 1 мақала,
4. Өз ойымен жазуға тырысу,
5. Мейлінше кітаптарды сілтеме ретінде пайдалану, кітаптардан тікелей көшірмеу.
6. Мақалаларды бүгіннен бастап 22 ақпанға дейін [email protected] Е-поштасына жіберіңіздер.
 
Мақалалары тақырыптары:
Мәуліт жайында,
Пайғамбарымыздың с.а.с. өміртарихы, балалық шағы,
Өміріндегі қызықты оқиғалар
 
Бас жүлде: Умра қажылығына жолдама («Ордабасы-НЖ» компаниясынан сыйлық)
1-орын: теледидар + діни кітаптар,
2-орын: DVD ойнатқыш, діни кітаптар, Құран,
3-орын: DVD ойнатқыш
Бұдан бөлек мақала жазған барлық адамға ынталандыру сыйлықтары беріледі. Қосымша мәліметті орталық мешітке 8 (7252) 53.99.19. номері арқылы наиб имам М.Естеміровқа хабарласуларыңызға болады. Марапаттау рәсімі «Мәуліт мерекесі» күнінде болады.
Шарттары:
Қазақ тілінде,
А4, шрифт 14, арасы 1,0.
Көлемі 7 беттен аспауы керек.
Пайдаланған әдебиеттер тізімін көрсету;
Шығарма авторының аты-жөні, оқу орны (сыныбы, курсы), байланыс телефондары, мекен-жайы толық көрсетілуі керек.
Қабылдау мерзімі: 2012 жылдың 22- ақпанына дейін .
Факс қабылданбайды.



Енді сұрақ, 1ші орын алсам,оны өзге адамға табыстауға болады ма??? қалай ойлайсыздар???
Жалпы сұрақ

2 жауап

+1 дауыс
1-ші орын алсаңыз табыстауға боладығой,бірақ өз жеңісіңізбен өзіңіз иемденгеніңіз дұрыс болар!
+1 дауыс
болады, ол сіздің еңбегіңіз және жеңісіңізді басқа біреуге шын көңілмен берсеңі ол нұр үстіне нұр!

Ұқсас сұрақтар

127,728 сұрақ
322,322 жауап
153,203 пікір
72,717 қолданушы