+1 дауыс
1.6k көрілді
мен күшті бір нәрсені ойлап тұрам да,бірақ шамалы уақыттан кейін жақсы ойлап тұрған нәрсемді даттап бір ойлар атып шығады, мысалы билайн компаниясы акция жүргізіп жатты, сол акциядан ұтқан студентке 1 жылдық оқу ақшасын билайн компаниясы төлейтін болды, мен бірден сол акцияға кірісіп кеттім, менің бастапқы ойым сол ақшаны қалайда жеңіп алып, өзімнің оқу орнымның  ректорына табыстап, ағайға айтып, жағдайы нашар студенттің тізімін олар жақсы біледіғой, оқуға ынтасы бар, оқим деген жарлы студентке анонимно табыстау болатын. Бірақ шамалыдан кейін ойыма ,ааа арамсың я, түптің түбі сен жарлы студентке көмектескің келіп тұрған жоқ, ректорға жақсы атты болып көріну деген ой шыға келді, содан өзіммен-өзім жақсы ойымды ақтап алуға тырысып, дал болдым. Кейде былай да ойлайм, степендияма тоқыма жіп сатып алып, жақсы қалың шұлықтар тоқып, жетімдер үйіне табыстау.Бірақ қайтадан анти ойлар атып шығады, сенің ойың жетімге көмектесу емес, өзіңнің қара басыңа сауап жазу тағысын тағы... как будто мен бәрін шын ниетпен емес,тек өзм-өзм деп істеп отқан сияқты, бірақ менің ниетім түзу, басында жақсы ойлайм,бірақ соңынан келетін қара ойлармен күресуден шаршадым. Қарама-қайшылық теориясы ма? Сендерде осындай бола ма???

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Аллаһ елшісі салла-Ллаһу алеиһи уа салам: " Расында ойлар ахиқат емес."
Аллаһ құранда: "Ойға ғана ереді. Шын мәнінде құр ой, шындық жағынан еш нәрсеге тұрмайды. (нәджм сүресі 28 аят)
Исламда амалдардың көп түрі бар:
парыз,уәжіп,харам,сүннет,мәкруһ,мустахап,мубах т.б сияқты. Адам істейін деп жатқан ісі жақсы не жаман екенін анық білсе көп ой мазаламайды. Ол үшін шариғат ілімдерін үйрену керек.
Ойлар шайтаннан да келуі мүмкін, ал шайтан Аллаһты еске алғанда азғыра алмайды."ағузу биЛлаһи минаш-шайтанир-роджиим"  деген дұғаны жиі айт.
Аллаһ елшісі салла-Ллаһу алеиһи уа салам:"Әрбір амал ниетке байланысты"-деп айтқан. Аллаһ разылығы үшін жасасаң Аллаһ разы болады,  риямен (адамдардан мақтау естуге ұмтылу) жасаса сауап азайып кетеді.
Риядан сақтану үшін рия туралы хадистерді оқу керек және жақсы амалдарды жасырын істеу керек. Жасырын істеген істі Аллаһ білетінін білесің, сонда басқа ойлар көп мазаламайды. Және біз білуіміз керек Аллаһ қаламайынша ешқандай іс орындалмайды. Сондықтан ойлар көп мазалай берсе Аллаһтан жәрдем сұра.
Аллаһ жақсырақ біледі.
0 дауыс
ондай ойлар әр адамда болады, әрине ойларыңыз жақсы, қолдан келетін істер егер жақсылап тырысып, бел шеше кіріссеңі. ал екіншіойларыңыз ол қарама қайшылық емес, оның негізінде "қойшы соны", "нем бар өзімді қинап" дегендей алып қашпа ойлар, жалқаулықтар жатыр, бірақ оны өзіңізде байқамай қаласыз. Сондықтан бір ой ойлаңызда оны аяғына дейін тырысып істеп кқріңізғ нәтижесіне байланысты екінші ойыңызды жүзеге асыра жатарсыз. Бір уақытта көп ой ойламай, тек бір ой ойлап, оны нәтижелі етіп істеп көріңіз!
0 дауыс
Ойлар әр түрлі ғой. Ой өте жылдам ғой Тіпті ойламайм десенде сол мезетте ойламау туралы ойлап жатасын. Немесе бір нарсены ойламауга тырыссан да сол нарсены ойлап тұрасын. Не айтып кеттым түсінбей калдым өзім. Сонымен ол қалыпты жағдай сияқты.    Нас сүресінде  Сол шайтан адамдарға жаман ой салып азғырады делынеды.    Бірақ жағымсыз ой болып артында ешқандай жамандық болмаса. Аллах ойымызды, ниетімізді, мақсатымызды өзімізден жақсы білуші.   Сосын жетімдерге көмектескенде әрине өз басыңа көмектесесің. Себебі Құранда жақсылық жасасаң өзің үшін, жамандық жасасаң өзің үшін жасайсын. Сосын қандай қайырымдылық болмасын Аллах ризалығы үшін жасалады ғой. Сонда жетім балаларға деген жанашу қайда деген емес. Аллах Тағала бізге жетім балаларға аяушылық, қамқорлық деген сияқты тамаша сезімдерді арттыра түседі деп ойлаймын.
...