+1 дауыс
207k көрілді
Көнерген сөздердің тізімін жазып немесе тауып бере аласызда ма?

16 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. Көнерген сөздер көнелену дәрежесі мен себебі және қолданылу сипатына қарай өзіндік лексика жүйесін құрайды. Көнеру дәрежесі бойынша:
 а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз – байыз табу, кежеге – кежегесін кейін тарту);
 ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер (бәйбіше, қатын, мыстан, алдаспан) болып бөлінеді.
 Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер. Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, сондай-ақ, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыс, сұлтан, барымта, ақ берен, айбалта). Архаизмдер халықтың күн көріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушы, дағара, ергенек, саптыаяқ, түмен, асадал, дүрия, патсайы, т.б.). Әйтсе де, қайсібір көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы, жасақ – жасақшы, төре – төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күнделікті қолданысқа ие болды. Көнерген сөздер тарихи өзгеріп отыратын лексика-семантикалық құбылыс.
0 дауыс
Мысалы керек пе Sary?
+1 дауыс
Көнерген сөздер (Архаизмдер)
Ғылымдағы және техникадағы, өнер мен мәдениет, қоғамдық-әлеуметтік өмір мен әдебиет саласындағы жаналықтар лексикаға да үнемі ыкпалын тигізіп отырады. Өткен дәуірлерде болған кейбір наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар, ескі ұғымдар, үй мүлкі, шаруашылық бұйымдары халық тұрмысының дамуына байланысты азайып, қолданудан шығып қалады.
Соларға қатысты сөздер мен атаулар да ескіреді, яғни қолданудан шыға бастайды. Мысалы: шоқпар, соқа, сойыл, найза, айбалта, күрзі, қорамса, кіреуке, малта, ояз, зындан, күң, кұл, әмеңгер, болыс, жүзбасы, сарбаз, дуан, пері, періште, ысқат, азан, барымта, дабыл тәрізді сөздер бүгінгі өмірде көп қолданыла бермейді. Бұлар белгілі бір дәуірдің, тарихи кезеңнің тілдік көрсеткіші ретінде жұмсалуы мүмкін. Олар көнерген сөздер деп аталады. Және олардың кейбірі жана ұғымдардың келуімен байланысты жаңарып қолданылуы да мүмкін.
Тіл — тілде көнерген сөздердің историзмдер және архаизмдер деп аталатын екі түрі бар. Кейбір заттар мен құбылыстар күнделікті өмірден шығып қалып, сол ұғымдарды білдіретін олардың атаулары — сөздер де көнеріп, тілде қолданбайды. Мысалы: сұлтан, атшабар, ояз, барымта, дуан басы, дүре, малай, күң, құл, бай, болыс т. б. Мұндай сөздерді историзмдер дейді. Бұрынғы атаулары ескіріп, кейін басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстар бар. Мысалы: жасак, немесе қол — әскер, қол басы — әскер басы, почтабай — хат тасушы, жатак, — отырықшы, серіктік — бірлесу, қосын — ұйым, желек — орамал т. б. Қазірде осындай басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстардың бұрынғы атаулары архаизмдер деп аталады.
0 дауыс
Көнерген сөздер. Жаңа сөздер

Көнерген сөздер – тарихи шығармаларда ғана кездесетін, қолданыстан шығып қалған, мағынасы көмескі сөздер. Көнерген сөздер екіге бөлінеді: 1) тарихи сөздер; 2) архаизмдер.

 

Тарихи сөздер – ескі заманда қолданылған, дәуірі өткен тарихи сөздер атауы. Тарихи сөздер бірнеше салаға бөлінеді:

 

– ел басқаруға байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, болыс, ауылнай, т.б.

– пайдаланудан шығып қалған қару-жарақ атаулары: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна, т.б.

– кеңес дәуірі тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл әскер, қызыл отау, т.б.

 

Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына байланысты қолданылатын, әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отыратын ескірген сөздер. Архаизмдерге мынандай сөздер жатады:

 

– мата атаулары: патсайы, торқа, биқасап, дүрия, т.б.

– әдет-ғұрып атаулары: бесік құда, сауын айту, ұрын бару, т.б.

– үй тұрмысына қатысты атаулар: жаппа, лашық, саптыаяқ, кебеже, әбдіре, шидем, күпі, шекпен, сәукеле, т.б.

 

Тілімізде қайтадан жаңарған көнерген сөздер де кездеседі. Оларға:

 

– діни ұғым атаулары: жаназа, имам, мешіт, ораза, жайнамаз, т.б.

– жыл атаулары: барыс, ұлу, тышқан, т.б.

– ай атаулары: қаңтар, наурыз, маусым, т.б.

 

Тілімізде жаңа ұғым аттарын білдіретін жаңа сөздер де бар. Олар ғылыми тілде неологизмдеп аталады. Жаңадан енген сөздер тілге сіңісіп, халыққа танымал болған соң жаңа сөз болудан қалады да, орнын оның баламасы ауыстырады.Мысалы, космос – ғарыш, космонавт – ғарышкер, парк – саябақ, теплица – жылыжай, телеграмма – жеделхат, пенсия – зейнетақы, спутник – жер серігі, класс – сынып, т.б.

 

Сөздердің тіркесуі арқылы да жаңа сөздер жасалады. Мысалы, жердің жасанды серігі, ғарыш айлағы, жер серігі, халықаралық қауымдастық т.б.

 

Қазақ тілінің мәртебесінің өсуіне орай соңғы жылдары тілімізге көптеген жаңа сөздер – неологизмдер – енді. Мысалы, орамжапырақ, қызанақ, жасуша, қожалық, жылыжай, т.б.
Хе көшіріп алған
0 дауыс
Жəу бүйрек сөзінің мағынасы
Жау көне қазақ тілінде май деген сөз. Көздің жауын алу. Жаубүйрек  - майға ораған бүйрек. Тағам.
0 дауыс
Сарбаз, патша, уәзір, хан, лашық.
0 дауыс
Сендерге мысал деди гой!
0 дауыс
Салеметсіздер ме, маған мына сөздердің мағыналары керек еді.

Ағаттық

Айт үйт

Ақысын аңдау

Апта, күпте

Арапшы

Аршын

Ауан

Әйәй

Бадал

Барына

Бапан
0 дауыс
Тагы бир архаизм беринизши
0 дауыс
Спасибо очень помогли
0 дауыс
үлкен  рахмет  көмектестіңіздер
0 дауыс
Историзмдер мысал кімде бар ?
0 дауыс
Аушадияр,шұға,торсық,атшабар,старшын,тоқымқағар,ағасұлтан,дүрия,кебеже,
0 дауыс
Шекпен,кереже,дүния,күпі,ораза,от  арба.
0 дауыс
Қорамсап, шабарман, сауын, хан, күн, құл, бай, би, малай т.б
...