Қол добы — спорттық доп ойыны.
Шамамен 1895 жылы Германияда пайда болған. Халықаралық қол добы федерациясы 1928 жылы құрылды. 1936 жылы Берлинде өткен Олимпиялық ойындар бағдарламасына енді. 1946 жылы Халықарлық қол добы федерациясының ережелері өзгертіліп қайта құрылды. Қазақстанда қол добынан алғашқы жарыстар 1925 жылдан бастап өтіп келеді. Ал ресми жарыстар 1959 жылдан бастап өтуде. Қол добының әр командада 7 немесе 11 адам ойнайтын екі түрі бар. Алғашқысы 40x20 м алаңда ойналады. Доптың салмағы 425–475 грамм, диаметрі 54–56 сантиметр, қақпаның ені 3 метр, биіктігі 2 метр. Ойыншылардың қақпа алдындағы 6 метрлік алаңға енуіне болмайды. Ойын 30 минуттық (әйелдер үшін 25 минут) екі таймнан тұрады. Қол добынан Қазақстан Республикасы әйелдер құрамасы 2002 жылы Азия чемпионы және 14 - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
p.s сұрақтарды қазақ әріптерімен жазсаңыз..!