0 дауыс
21.0k көрілді
тақ, там, жоян, борми, шақай, шықар, ақман, шемішке, әңгелек, атыз, шөміш, сәкі, леген, шырпы, бақыр.

9 жауап

0 дауыс
Cәкі деп-Батыста айтады..)Қалғанын айтпайды-ау дим.
соғанда рахмет!!!
Я Я  сәкі деп батыста айтады ))))))))өзім батыстыкымын ғо..............
0 дауыс
Меніңше оңтүстік жақтың сөзі ғой деймін
0 дауыс
Шамасы, Оңтүстікте қолданылатын диалект сөздер болуы керек. Бізде (Солтүстікте, Көкшетау өңірінде) сәкі (еден), леген, шемішке (жуынатын ыдыс) ақман деген сөздер қолданылады. Ал шырпыны біз сіреңке ретінде танимыз. :)
Жоқ Оңтүстіктікі емес! Бізде,  Оңтүстікте бұл сөздердің ішіндегі тек "там",  "әңгелек", "леген" сөздері  ғана қолданылады... Қалғандарын білмедім.
Белгісіз
0 дауыс
ал қалған сөздердің мағыналарын білсеңдер, жазып қойсаңдар жақсы болар еді.
0 дауыс
ЖОЯН
1) (Сем.: Ақс., Көкп., Абай, Шұб.; Шығ. Қаз.: Больш., Зайс., Тарб.; МХР) мықты. Жас шағында ж о я н-а қ еді, енді кәртейді ғой (МХР).Күресем де келгендер бәрі өлді, Таудай боп пілге мініп зәңгі келді. Зәңгінің өзі ж о я н, күші жойқын, Аяғы піл үстінен сүйретілді (Ақыт, 96).. ;
ЖОЯН
1) (Шығ. Қаз.: Больш., Зайс., Тарб.; Сем., Ақс.; МХР) зор, үлкен, денелі. Мынау бір ж о я н кісінің зираты болу керек (Шығ. Қаз., Зайс.). Сырттан қарағанда ж о я н жігіт көрінеді ғой (МХР).Ол ж о я н табақ қымыз ішті (Сем., Ақс.).Үйдің мәткесі ж о я н екен (Шығ. Қаз., Тарб.). Монғол тілінде ноян бек, әкім деген мағынада қолданылады. ;

Өтінем, http://lugat.kz/ сайтының онлайн түсіндірме сөздігін қарай жүргейсіз. Диалект сөздер дер сол жерде өамтылған. Көп рахмет
0 дауыс
БОРМИ
1) (Сем.: Ақс., Аяг., Мақ., Ұрж.) жүгері. Б о р м и биыл ерсі шығыпты (Сем., Ұрж.). ;
БОРМИ
1) (ҚХР) (қытайша бауми) ұзын сабақты, дәнді дақыл. Бір бұрышта б о р м и, арпа үйіндісі жатыр, тегі кеңсе кадрларының қыстан қалған ат жемі болса керек (ҚХР). Өзіңіз бастаған төрт қораға ойдан жарған б о р м и әкеле жатыр (ҚХР). ;
0 дауыс
Борми деп Мақаншыда  жүгеріні (кукуруза) айтады.. Тақ деп Семейде или Кокшетауда орындықты айтады.. Ақман деп шай шығаратын кішкентай шәйнёкті айтад.. Кайда айтатынын білмим,  өзіме үйреніліп кеткен сөздер болған сон ба, әлде Нағашыларым Мақаншылық болған сон ба..
0 дауыс
Чығыстікі, шақай деген тек Чығыста қолданылады. Жоян да сол
0 дауыс
Там,әңгелек,бақыр,шырпы ,сәкі,леген,шемішке дегенді бізде Қызылордада қолданамыз.Там-үй,әңгелек-қауын сорты,бақыр-шелек,сәкі-тапчан,атыз деп егістіктің бөлінген алқаптары,бөліктері,шырпы-сіріңке.
...