Арақ тан сұрақ? қызық Жауап берейік

+2 дауыс
2.1k қаралым
Арақтың пайдасы мен зияны ?

ХD=)
• Санаты: Жалпы сұрақ

12 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Арақ– ректификатталған этил спиртінің сумен қосындысынан тұратын күшті масайтқыш ішімдік. Арақ қара бидайдан, бидайдан, арпадан, т.б. жасалады. Құрамындағы спирт мөлшері 40, 50, 56%.
Ішімдіктің зияны Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның семьяда бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді. Ішімдік жыныс сезімін күшейтеді, жыныс актісінің уақытын созады, адамның жыныстық қызметіне пайдалы әсерін тигізеді деген ұғым бар. Шын мәнінде солай ма? Рас, шамасыздық кейінірек басталады.Дәрігерге жап-жас жігіттерді жетелеп әкелетін қандай жағдайлар? Әрине, маскүнемдік. Өйткені алкоголиктердің жыныс органдары әлсірейді, келе-келе арақ-шарап еркекті белсіздікке апарып соқтырады. Өкінішке орай, белсіздіктің арақтан болатынын не ері, не әйелі біле бермейді. Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсеқызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.
Белгісіз
+2 дауыс
Алкогольдің өсер ұрпақ үшін  зор зияны бар екендігі ертеден-ақ белгілі болған. Ерте ғасырдағы Рим заңдарында алкоголь ішімдіктерін 30 жасқа толмаған жастарға ішуге рұқсат берілмегендігі бекер емес, себебі бұл уақытта жастардың дүниеге ұрпақ әкелу құбылысының қарқынды жүретін уақыты. Көне Грекияда да 18 жасқа дейінгілерге «ащы су» ішуге тосқауыл қойған. Ресейдегі ертеден келе жатқан құжаттарда жаңадан отау тіккен жастарға ішімдік ішуге тыйым салынған. Франция елінде арақ ішкіш ата-аналардан туған әлсіз балаларға арналған «жексенбі күнгі балалар» немесе «көңілді кештің баласы» деген кекесінді атау бар.

Бір сәттік құлқынның қызығы үшін  көмейге қылғытатын арақтың басты қасіреті – адам денсаулығын күйретуі. Зерттеулер көрсеткендей, кең көлемде жүргізілген насихатқа қарамастан, жұрттың басым бөлігінің алкогольге тәуелділіктің қалыптасу заңдылықтары жөнінде нақты түсінігі болмай шыққан. Өкінішке орай, жұртшылықта «көпшілік орындарда алкогольді аздап, «мәдениетті» пайдалану маскүнемдік дертіне шалдықтырмайды, бұл өз мүмкіндігін және арақ іше білмейтін адамдардың үлесіндегі жағдай»— деген жалған түсінік қалыптасқан.

Спирт — ерігіш болғандықтан ішкен кезде қанға тез сіңіп, ағзаға күшті әсер етеді. Ішімдіктің әсерінен адамның ықыласы кеміп, байқампаздығы тежеледі, қимыл үйлесімділігі бұзылып, мінез-құлқында әдепсіздік, желікпелік, дөрекілік пайда болады. Адамды ақылынан ғана ажыратып қоймайтын арақ асқазан жолының кілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында, ұлтабар ұшында уытты жара, гастриттің туындауына әкеліп соғады. Миға сіңген спирт нерв клеткаларын уландырады, одан ойлау қабілеті бұзылып, рухани ауыр халге ұшырайды. Отбасындағы зорлық- зомбылық оқиғаларының үштен екісі және  балалардағы қатігездіктің үштен бірі ата-аналардың маскүнемдігіне байланысты болып келеді екен. Бақытсыз жағдайлардың, адам өлтірудің, өзіне қол жұмсаудың 50 пайызы тікелей алкогольге тәуелділіктен туындайтыны да бесенеден белгілі.
Қымбатты, Айсара! Біреу сізге минус қойды екен деп, жауабыңызды жабу дұрыс емес. + қойдым
0 дауыс
Мен екі қол, екі аяғымды көтеріп қарсылығымды білдіремін!!!
Арақтың пайдасы жоқ!!!
Керісінше зияны көп!!!
Өлімнің көбеюі, бұзақылық, қылмыс, ұрыс-төбелес, түрлі аурулар осы ішімдіктің кесірінен болады!
Бұл сұрақты не үшін қойғаныңызды түсіне алмай отырмын...) Ішімдіктің денсаулыққа зиянды екенін өзіңіз де жақсы білетін боларсыз...!
+1 дауыс
Жұрттың бәрі зиянын ашып-ақ айтып беріп жатыр. Мен пайдасын айтайын: беліңіз немесе аяғыңыз құрысып тартылып қалғанда арақпен ысқылап-ысқылап жылы орап қойсаңыз ертеңіне-ақ аттай шауып кетесіз.
0 дауыс
Арақтың пайдасы жоқ,зияны көп! Ішпеймін деген адам ішпейді ғой!(nod)(wait)
0 дауыс
Арақ ең бірінші ар-ұяттан жұрдай етеді, екінші денсаулыққа өттттте зиян, үшінші тәуелділікті тудырады. Араққа жоламаған дұрыс.
+1 дауыс
Ішуге қарсымын..
Белгісіз
0 дауыс
Құдай арақтан сақтасын...
0 дауыс
Зиян жақтары 1.Арақты егер көп ішсең әрине зиян.
2.2 күн сайын ішсен жане зиян.
бұл дегеніміз ұятқа қалдыратын жағдайлар.
 
пайдалы жақтары.
1.Айына 1 рет  үйіңде отырып  тамақ алдында  тура 150 грам ішіп   тамақтанып есік алдында таза ауада жарты сағаттай демалып  сосын үйге кіріп үндемей орныңа жатып ұйықтау    өте пайдалы,шаршаған жүйке тамырлар  жіпсініп  ертенгі күні  өзінді жеңіл сезінесін.
2.әрі ішкеніңді  өз отбасыңнан басқаға білдірмей  әрі көп сөйлемей, бәрі орынды  түрде болса әрине зияны жоқ.
3.мысалы намаз оқитын адамдарға   әрине болмайды.

4.шындап келер болсақ   арақ түгіл   тамақта зиян  неге?  егер мөлшерден асып кетсе.
Белгісіз
0 дауыс
Алла тағала арақты ішуге ғана емес, сатуға да тыйым салған. Араққұмарлар балаларға – мазақ, ересектерге – келеке, жанұясының маңдайына біткен сор.
0 дауыс
Арақ шайтанның су дегендей зиян оның таудай ол сұйық есірткі болып табылады.Арақ ішу өміріңзге балта шапқанмен тең.мен қарсымын
0 дауыс
Докторы Laxman клиникасының қош келдіңіз. Иә бүгін сату үшін қолданылады, егер сіздің бүйрек немесе басқа органдар сатуға келеді ме және сіз мұқтаж барынша қанағаттандыру берілетін болады. электрондық пошта арқылы мені хабарласыңыз: [email protected]

Ұқсас сұрақтар

–1 дауыс
0 жауап
127,786 сұрақ
322,364 жауап
153,150 пікір
72,811 қолданушы