+1 дауыс
2.6k көрілді
Кейде оны майтабан деп те атайды, осындай аяқтардың әскерге бармауына қандай кедергі келтіреді. Оның кәдімгі табаннан қандай айырмашылығы бар?

1 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Майтабан - туа біткен ауру, ата-тегінде болуы мүмкін дейді, бірақ өсе келе пайда болуы да мүмкін дейді. Білмедім ол жағын. Сүйек өседі дейді. Емі жалаң аяқ жүру.

Майтабан және келбет кемістіктері. Бір қарағанда осы екеуінің арасында байланыс жоқ секілді. Ал сол уақытта, зерттелген балалардың 60-70%-да омыртқаларының қисықтығы және келбеттің басқа да кемістіктерінің басты себебі майтабан болған. Тіпті табан пішінінің кішкене өзгерісі де баланың физикалық дамуын күрделі өзгертуі мүмкін. Жалпақ табанның динамикалық мүмкіндіктері шектеулі, буындар қозғалысының көлемі минималды, ал табанның шетке қарай қисаюы қатты ауруға алып келуі мүмкін. Осындай кемістігі бар балалар ұзақ тұра алмайды, тез шаршайды, аяқ пен бел ауруларына жиі шағымданады.

Бала майтабан бар ма екендігін қалай білуге болады?  Балаңыздан жалаңаяқ еденде әртүрлі бағытта жүруін сұраңыз, оның аяғын әртүрлі жағынан көру үшін. Табанның ішкі жағына және олардың тығыздалуына ерекше көңіл бөліңіз.

Кейде майтабан туа бітуі мүмкін, ал жиі есейе келе пайда болады, бір жыл пинетка киіп жүру салдарынан пайда болады. Осыған байланысты бала дәрігерлері пинеткаларға бір қабат тері қалыңдығында өкше жабыстыруға кеңес береді. Мұндай аяқ киім табан бұлшық еттерін нығайтады, дұрыс келбетті қалыптастырады.

Май табанды келесі әдіспен де анықтауға болады. Ніл ерітіндісінде суланған мақта немесе щеткамен баланың табанын сүртіңіз, одан кейін баланы таза қағазға тұрғызыңыз. Ізін суретпен салыстырыңыз. Осындай іздер арқылы сіз емделудің тиімділігін бақылай аласыз.

Май табанды қалпына келтірудің негізгі әдістері – емдік жаттығулар. Бала оны анасының бақылауымен жасай алады. Ал қажетті жаттығуларды үйренуге дәрігер көмектеседі.
1. Отырып табанды  кезек-кезек бүгу.
2. табанды айналдыру.
3. Әткеншек деп аталатын жаттығу. Бала кезек-кезек аяқтарының ұшына тұрып қайта табанына түседі.

4. Аяқтарының ұшымен жүру.
5.
Еденге гимнастика таяғын қойыңыз. Осы таяқ бойында жүру өте пайдалы.
6.
Аяқтарының ұшымен жартылай отырып тұру.
7.
Гимнастика таяғына жүйелеп отыру.
8.
Ал мына жаттығу бала есіне қысты түсіреді. 1-3 минуттай шаңғымен жүргендей аяғының ұшымен жүреді.
9.
Гимнастика үшін екі доп қажет болады. Кішкентай допты аяқтарының башпайларымен 1-3 минуттай айналдыру өте пайдалы. Бала үлкенге (медицибол деп аталатын) тұрып, тепе-теңдік ұстап тұруы қажет. Одан кейін доптан түспей бірнеше рет отырып тұрып көрсін.
10. Башпайларымен секіру.
11. Гимнастикалық шеңбер сатып алыңыз. Балаға аяқтарының башпайларымен шеңберді айналдыруға үйретіңіз.
12. Аяқтарының башпайларымен әртүрлі заттарды көтеру.


Сонымен қатар, арнайы жабдықты талап етпейтін жаттығулар да бар, олардың да емдік салдары зор. Ол үшін жаздың шуақты күнін пайдаланыңыз. Ең алдымен, баланың далада көбірек жалаңаяқ жүргені жақсы. Екіншіден, егер балаңыз жылы жауыннан кейін аяғымен балшық илеп, шалшық кешіп жүрсе қорықпаңыз.

Тағы бір ескерту. Барлық жаттығуларды бір уақытта орындау міндетті емес. Алғашында бес-алты жаттығудан бастап, 10-15 күннен кейін біртіндеп тағыда жаттығулар қоса берсе болады.

3-4 минуттан кейін баланы демалтыңыз. Барлық жаттығу 15-20 минутқа созылуы қажет. Жаттығуларды күніне екі рет орындау қажетті нәтиже береді. Бірнеше айдан кейін бала өзін жақсы сезінетін болады
.

www.info-health.kz сайтынан алынды

...